3 желтоқсан: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
1993 жылы 3 желтоқсанда Бішкекте құрылған рухани байлықтың қайта түлеуіне жәрдемдесуші «Руханият» халықаралық қауымдастығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жыл адамы» құрметті атағын берді.
1993 жылы Каспийдің қазақстандық қайраңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Шетелдік жеті компаниядан («Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Total», «Shell») және бұл жобаның операторы ретінде шыққанг «ҚазақстанКаспийШельфтен» құрылған консорциум аймақтың мұнай әлеуетін үшжылдық геологиялық зерттеу туралы келісімге қол қойды.
2009 жылы Қазақстанда екі халықаралық пошта маркасы шығарылды. Маркалар фауна мен флораға арналған. Олардың бетінде долана өсімдігі мен итаю бейнеленген. Әрқайсысы 180 теңгеден тұратын 100 мың данадан шығарылды. Қазпошта маркаларында бұдан бұрын да суреттелген жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінде Астана декларациясы қабылданып, онда ЕҚЫҰ-ның барлық өзгерістеріндегі барлық нормалар, қағидаттар мен міндеттемелерді орындау айқындалған.
2012 жылы Түркияның ірі провинцияларының бірі Невшехир орталығында «Қазақстан» саябағы ашылды. Осыған орай қаладағы орталық Конгресс-холлда «Президент Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның негізін қалаушы және лидер» конференциясы және ҚР Тұңғыш Президенті туралы фотокөрме, кітап көрмесі (оның ішінде Н. Назарбаевтың кітаптары болды) ұйымдастырылды.
2013 жылы жас әнші Мария Мудряк Магда Оливера (Италия) атындағы халықаралық опера байқауының үш бірдей премиясын жеңіп алды. Миландағы конкурсқа қатысу үшін әлемнің 19 елінен 150 әнші келген. М. Мудряк Ла Скала театрында «Тоска» операсында Пастушканың рөлін ойнады. Ол Қазақстанды Италия, Германия, Франция, Швейцария, Испания, Ресей, Польша мемлекеттік концерттерінде таныстырып жүр.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналымға шығарды. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. «Жылқы жылы» ескерткіш күміс және алтын монеталары – «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясын жалғастыратын төртінші монеталар.
2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов және Иран президенті Хасан Рухани Қазақстан-Түрікменстан-Иран трансұлттық темір жолын ашты.
2015 жылы Нью-Йоркте әлемге танымал Линкольн-орталығының «Alice Tully Hall» акт залында Қазақстанның Өнер апталығы салтанатты түрде ашылды. Шараның басты мақсаты – әлем қоғамын қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрімен және өнерімен таныстыру.
2016 жылы Қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Құнанбай» көркем фильмінің авторларына әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын алды. Сыйлық сценарий авторы, режиссер, ҚР халық әртісі Досқан Жолжақсыновқа, қоюшы-суретші Рустам Одинаев, сондай-ақ, актер Нұрсифат Салықова мен Айдос Бектемірге берілді.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Нова-Горица қаласындағы Құрметті консулдығы ашылды. Оны танымал кәсіпкер, «НІТ» компаниясы басқармасының төрағасы Димитрий Пицига басқарды. Нова-Горица – Словениялық теңіз жағалауының ең ірі қаласы және жаңа экономикалық орталығы.
2017 жылы Үндістан астанасындағы «Кутб-Минар» тарихи кешенінің аумағында «Беймәлім Қазақстан» фотокөромесі өткізілді. Екі күннің ішінде Қазақстан туралы фотокөрмені 50 мыңнан астам шетелдік туристер мен Үндістан тұрғындары тамашалаған.
2019 жылы елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты арнайы шара өткізілді. Басқосуда белгілі түркиялық публицист, профессор Куршад Зорлуның «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» атты кітабының тұсауы кесілді.
2020 жылы Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығына радионуклидтік мониторинг станциясы жеткізілді. Станцияның негізгі мақсаты – алыс қашықтықтарға әуе жолымен тасымалданатын ядролық жарылыстың (асыл газдардың) физикалық өнімдерін тіркеу мақсатында ауаға радионуклидтік мониторинг жүргізу. Қазақстанда радионуклидтік станцияны құру ядролық сынақтар нәтижесінде түзілетін радиоактивті инертті газдардың белгілері тұрғысынан өңірде әуе мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді, әлемде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге ықпал етеді, сондай-ақ ЯСЖТШҰ шеңберінде Қазақстан мен басқа елдердің жемісті ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен нығайту үшін негізгі факторлардың бірі болмақ.
2020 жылы «Мұзбалақ» қазақстандық толықметражды анимациялық фильмі бірден екі фестивальде – Стокгольмдағы кино және теледидар фестивалінде (Швеция) және «Алтын ара» балалар фильмдерінің халықаралық кинофестивалінде (Үндістан, Нью-Дели) «Үздік анимациялық фильм» аталымында топ жарды.
https://turkystan.kz