Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Егер адам 8 күн ұйықтамаса не болады?

Егер адам 8 күн ұйықтамаса не болады?

1959 жылы әйгілі америкалық радио жүргізуші Питер Трипп 8 күн бойы ұйықтамауға уәде беріп, өзіне эксперимент жүргізуге шешім қабылдады.
Дәрігерлер Питерді бұл райынан қайтаруға тырысты, бірақ 32 жастағы журналист алған бетінен қайтпаған. Ол Нью -Йорктің орталығында барлығы көру үшін әйнек ішінде тәжірибе жүргізуге шешім қабылдады.
Питер осы әйнек ішінде радио жүргізіп, оның ағзасында қандай өзгерістер болып жатқанын айтып беріп отырды.
Алғашқы күндері Трипп ұйқысыз өзін жақсы сезініп жатқанын айтты. Эксперимент басталған кезде көңілі көтереңкі болып, түрлі ойын-сауық бағдарламаларды жүргізді. Үш күннен кейін, Питер алдын ала келісім бойынша ұйықтап қалмау үшін  дәрігерлер оған дәрі бере бастады.
Ұйқысыздықтың әсері төртінші күні пайда сезілді. Алғашында галлюцинация болып, оның жағдайы нашарлады және бұл галлюцинациялар сағат сайын күшейе бастады.
Питер айқайлап, аяқ киімінде өрмекшілер өрмелеп бара жатқанын айтты. Оның айналасында тышқандар да секіріп жүрді.
Осыдан кейін Питер күн сайын оны бақылап отырған дәрігерлердің оған қарсы жоспар құрып жатқанына көз жеткізіп, барған сайын агрессивті бола бастады. Питер әдейі оның кабинасына жәндіктерді, өрмекшілерді және басқа да жағымсыз кішкентай жәндіктерді кіргізді деп ойлады.
Ол сондай-ақ, дәрігерлер оған берілген суға қандайда бір препарат қосқанына сенімді еді. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеру үшін жақындағанда, Питер оларға қарай агресивті шабуыл жасады.
Галлюцинациялар барған сайын күшейе берді.Эксперимент соңында Питер қиялды шындықтан ажырата алмай қалды. Шындығында, ол ақылынан алжаса бастады.
Питер 201 сағат ұйқтамай әлем рекордын орнатты. Оны соңында көтеріп алып кетті. 22 сағат ұйықтағаннан кейін, жұмысқа қайта оралды.
Уақыт өте келе бұл эксперимент нәтижесіз болмайтыны белгілі болды. Питер қатты өзгерді. Оның миында паранойя дамып, үнемі ашуланып жүретін дәрежеге жетті.
Көп ұзамай ол жұмыстан шығып, әйелімен ажырасты және көпшілікке көзінен тыс жерге кетіп қалды. Ол мансабын радиожурналист ретінде емес, жазушы және публицист ретінде жалғастырды.
Трипп 73 жасында қан тамырлар ауруынан қайтыс болды.

08 тамыз 2021 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930