Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ ҮШІН

ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ ҮШІН

Республикалық онкүндік аясында «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» атты ұранмен 19-29 қаңтар аралығында білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралар таратылса, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді.

Бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында онлайн режимінде сынып сағаттары, суреттер байқаулары, жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету арқылы онлайн ақпараттық–түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылса, жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша онлайн режимінде сауалнама, мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде сынып сағаттары, жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша челлендж, флешмобтар ұйымдастырылды.

Пандемия кезеңінде негізгі назарды қауіпсіз тасымалдау мен санитарлық ережелердің сақталуына аударылса, мектептер мен мектеп автобустарындағы тасымалдауды қамтамасыз ететін жүргізушілерге де ескертпе қағаздары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Cонымен қатар, мектептік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша Шиелі аудандық полиция бөлімімен Шиелі ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында автокөліктің техникалық жай-күйін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамы (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеріліп, қозғалыс схемасының бар болуы, балаларды мектепке тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық талаптарға сәйкестігі қаралды.

Сондай-ақ, мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі, автокөліктерде «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру), балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы, мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы қаралса, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы әңгімелер жүргізілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар , сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану бойынша талаптардың сақталуы басты назарда болу қадағаланды.

Зерделеу нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы, атап айтқанда №153, №270, №47, №49 мектептердегі тасымалдау жұмыстарына оң баға берілді.
30 қаңтар 2021 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930