Татулықты ту еткендер
Үлкендердің айтуынша, өзендерде «иірім» деген болады. Ағысы қатты өзендерде «иірім» терең болады екен. Өзенге түскен ағашты, ағаш бұтақтарын иірім өзіне тартып алады да, кейде түпсіз тереңге жұтып алып кетеді.Кейде «сопаң» етіп, су бетіне шыға келеді дейтін. Сол сияқты адам өмірі де - өзен сияқты. Кейде өмір өз ырғағымен баяу, бірқалыпты өтіп жатады. Ал кейде, «өмір өзенінің» иіріміне түсіп кетсеңіз, шығуыңыз екі талай. Ерік -жігері мықты, шыдамды, ақыл-ойы ерекше зерек адамдар ғана өмір өзенінің иірімінен шыға алады. Бос берілгіш, ынжық, жуас адамдар иірім түбіне батып кетеді де, ол адамның өмірі қиындықпен қайғылы аяқталады. Мен де сондай өмір иіріміне түскен жанның бірімін. Кейінгі ұрпаққа, іні-қарындастарға сабақ болсын деп басымнан өткен осы оқиғаны баяндап бермекпін.
Мен ауылдың қарапайым баласымын. Ауылда жүргізуші болып жұмыс істедім. Несін жасырайын, ауылдағы өнерлі де, ажарлы бес-алты жігіттің бірімін. Ащы суға әуестігім жоқ. Осы қасиеттерімді бағалап, қыздар маған ықылас-ынтамен қарады. Бұйрық шығар,ауылдағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Әйгерім атты қызбен сөз байласып, отау тіктім. Жолдасым тәрбиелі, көргенді, еңбеккеш, маған сыйластықпен қарайтын сабырлы жан болып шықты. Жұрт қызығатындай жанұя болдық. Есігіміздің алдында мал пайда болды. Күніміз, айларымыз тату-тәтті өтіп жатты. Бірақ Құдай бізге перзент бермеді. Алғашқы жылдары мән бермедік. Солай жеті жылымыз өтіпті. Бірде жұбайым «Сен басқа қызға үйлен. Өзім іздейін, рұқсат бер. Мен саған екі дүниеде де ризамын. Сен артыңа ұрпақ қалдыруың керек» деген сияқты әңгімелерді жиі айтатын болды. Мен жолдасымды жақсы көргендіктен, әрдайым сылтау айтып, бетін қайтарып отырдым. Сөйтіп жүргенде колхоз, совхоз тарады. Ауылда жүргізушіге жұмыс қалмады. Малы бары малымен, жері бары егінмен айналысты. Мен Семей қаласындағы бір компанияға жүргізуші болып орналастым. Вахталық әдіспен жұмыс істейміз. Жалақы жақсы. Солай тағы үш жылым өтті. Келіншегім баяғы «әнін» көбейтті.Тіпті, бір-екі қызды үйге алып келіп, көрсетті. Менің көңілім соқпады. Ол қыздарды келіншегіммен салыстырып, «отказ» беріп отырдым. Сөйтіп жүргенде «өмір өзенінің иірімі» мені өзіне тартып әкетті. Бірде Семей-Қызылорда пойызымен вахталық жұмыстан байкенжелік Болат есімді жігітпен бірге қайттым. Плацкарт бөлімде бізден бұрын бір келіншек, бір әжей отыр екен. Жайғасып алғасын таныса бастадық. Әжей Қазалыға, келіншек Аралға барады екен. Әңгімеміз жарасып, шай үстінде әңгіме айтыла бастады. Әжей Қазалыда тұратынын, Алматыдан немерелерінен келе жатқанын айтты. Менің назарымды келіншек ерекше аудартты. Ойпырмай, аумаған менің келіншегім, сөйлеген сөзі,отырған отырысы, дене пішімі, көз қарасы, күлгені, бәрі-бәрі менің келіншегімдей. Ол кісі де маған жиі-жиі назар аудара бастады. Менің де қарай бергім келеді. Болат досым әзілдеп сөйлесе, ол кісі маған ұрлана қарап жымия жауап береді. Қойшы, сонымен талай қыздарды таныстырғанда селт етпеген жүрегім, ол келіншекке байланды да қалды. Аралда тұратынын, бір қызы бар екенін білдім. Уақытымыз келіп, Шиеліден түсіп қалдым. Олар Қызылордаға кетті. Мен беймаза күйге түсіп, мазам кетті. Неге Аралға кетпедім деп ойландым. Шиелі вокзалында досым жаңа жигулимен күтіп тұр екен. Кеттік Қызылордаға дедім. Досым аң-таң. Қызылордаға жеткенше досыма екінші жарымды кездестіргенімді, онсыз тұра алмайтынымды айттым. Қызылорда вокзалына пойыздан 10 минутқа ерте барып, жолын тостық. Мені көрген Гүлсім (әлгі келіншектің есімі) құшағын ашып, жүгірді. Келді де тас қылып құшақтады. Сеніңіз-сенбеңіз мен де елжірей құшақтадым. Құшағымыз жазылмай 10 мин тұрдық. Әжеймен қош айтыстықта, қолынан ұстаған күйі жигулиге отырғыздым. Шиеліге жеткенше үйленгенімді, он жылдан бері бала сүйе алмай жүргенімді, келіншегімнің рұқсат бергенін айттым. Егер келіссең үйленетінімізді айттым. Ол да келісімін берді. Қойшы, сонымен үйге келсек, Әйгерім шай дайындап күтіп отыр екен. Саған серік алып келдім деп едім, Әйгерім рас па деп далаға атып шығып, қызды құшақтай алып, бақытты болыңдар, үбірлі-шүбірлі болыңдар деп,жылай жүріп үйге кіргізді. Ертеңіне мал сойдырып, ауыл ақсақалдарының батасын алдым. Той өтті,беташар болды. Ауыл имамы некемізді қиды. Бәрін істеп жүрген бәйбішем – Әйгерім, кешкі қонақтар қайтқасын, төсек салып берді. Оңаша бөлмеде қалғасын Гүлсім тұрмыста болмағанын айтып, мүмкін болса ата-анама хабар жіберіңіздер деп өтініш айтты. Таңертең, Әйгерімге қыздың жайын айттым. Әйгерім Гүлсімнің бетінен сүйіп, рақметін айтып, жылап қоя берді. Айтқан өтінішінде өзі орындап, атқарып шықты. Жоғары дәрежеде орындады. Сонымен екі әйелі бар еркек болып щыға келдім. Екеуі апалы-сіңлідей тату болды. Құдайдың бергенін айтсаңшы, бір жылдан кейін Гүлсім шекесі торсықтай егіз ұлды дүниеге әкелді. Әйгерімнің қуанышында шек жоқ. Дайындығын, қырқынан шығаруын, бәрін өзі атқарды. Қырқынан шыққан күні, таңертеңгілік шай үстінде Гүлсім «Отағасы,әпше,сіздерге бір өтінішім бар» деді. Жүрегім зырқ ете қалды. Аралға кетемін дейтін шығар деп ойладым. Айта бер, өтінішіңді деді Айгерім жасаураған көзімен. Мына егіздің біреуін бүгіннен бастап өз бауырыңызға алыңыз. Құдай алдында сұраусыз деді. Өкіріп жылай, Әйгерім Гүлсімді құшақтады. Сөйтті де өзіне жақын жатқан біреуін алып, бөлмесіне кетті.

Өмір өтіп жатыр. Екі бала екі ананың бауырында балпақтай болып өсіп жатты. Әйгерімнен сүт шықты. Бір күні Әйгерім, аурып жүргенін, баланы анасына тапсыратынын айтты. Асықпа,дәрігерге көрінші дедім. Кешке келсем, екі келіншегімде мәз. Содан Әйгерімде ана атанатын болып, сүйіншіледі. Құдайға шүкір, келесі жылы екеуіде айдай сұлу екі қызды дүниеге әкелді. Ойлана келе, Айгерімнің ұсынысымен жаңадан үй көтеріп, Әйгерімді ұлы Берік пен қызы, үшеуін үйлі қылдым. Екінші ұл Серік пен қызын алып Гүлсім де бір үй болды. Мен екі үйдің нан табары, қамқоршысы болып ортасында жүрмін.
Қадірлі ағайын, сіздерге айтарым, Құдайға шүкіршілік жасап, сабырлықпен, ақылмен шешіңіздер. Сонда Жаратушы ием өзі қолдайды. Мен шынымды айттым. Оны қабылдау өз еркілеріңізде.
Байғозы батыр ұрпағы