Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық Азияда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді

Орталық Азияда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылдың 29 наурызында 20 сағат 28 минут 27 секундта жер сілкінісін тіркеді. «Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 362 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.3. Магнитудасы MPV 4.1. Бағыты 39.97° с.е, 77.42° ш.б.» делінген хабарламада. Осылайша қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте төрт жер сілкінісін тіркеді. Соңғысы Қытайда болған зілзала. Оған дейін тағы бір жер сілкінісі Қытайда (Алматыдан 647 км қашықтықта, магнитудасы MPV 4.3) және екі жер сілкінісі Қырғызстан аумағында (Алматыдан 390 және 393 км қашықтықта, магнитудасы MPV 4.3 және 4.9) болды.

https://24.kz


30 наурыз 2020 ж. 699 0