Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басыңдағы жын-жыпыр түн ішінде аруақтармен тілдеседі

Басыңдағы жын-жыпыр түн ішінде аруақтармен тілдеседі

Жазушы  селк ете қалса да, тез есін жиып, "мұның бәрі соңғы кездері қорқынышты фильмдерді көп көргендігімнен болар" деп өз-өзін алдарқатты.
Сағат түнгі бір. Жазушының жұмыс үстелі ескі альбомның шашылып қалған парақтарына толы. Үстелдің шетінде ғана темекі тұқылын түсіретін күлсалғыш тұр. Түтінін будақтата құмары қанғанша ащы дәмнен сорғыштап болған ол, сүтсіз, қантсыз кофе дайындап ішу үшін дәліз арқылы асханаға өтті. Кешқұрым ас бөлмесіне бас сұқпағандықтан терезенің пердесін жабуды ұмыт қалдырыпты. Үйіне жақын маңда тұратын мықты тігіншіге арнайы тапсырыс беріп тіктіргендіктен бе, асханаға кірген сайын алқызыл перде көзіне оттай басылады да тұрады. Өзіне ерекше ыстық дүниесін нәзік саусақтарымен тартып жабуға енді тырыса беріп, терезеден түнгі қаланың жарқ-жұрқ еткен шамдарына  еріксіз көзін қадады.
Қарамасыңа болмайтын түнгі сұлулыққа тамсана тұрып әлдебір ақынның "Адамзат ұғып болмаған жұлдызды түнде сыр қанша" деген өлең жолдарын есіне алып сәл жымиды. (Осы өлең тармақтарын қателеспесе "Қазақ радиосынан" естісе керек). 
Сұлулыққа әлі де қарап тұрар ма еді, егер кенеттен күтпеген жайт болмағанда...
 Терезеден қараңғыға сұқтана бергенінде әйнектің арғы жағынан қорқынышты бейне елестеп кетті. Жазушы  селк ете қалса да, тез есін жиып, "мұның бәрі соңғы кездері қорқынышты фильмдерді көп көргендігімнен болар" деп өз-өзін алдарқатты.
 Осы сәтте тоқ көзінде тұрған  шәйнегіндегі суы қайнап, ыдыстың қақпағы бу әсерінен атылып кетердей болып тұр екен. Жалма-жан бар әл-дәрменін жиды да, сүйікті бокалына кофесін демдеп алып жұмыс үстеліне қарай зытты.
 Аяғын үздіксіз басқан сайын күнделікті жүріп-жүрген жері алыстап бара жатқандай. Әлгі терезеден көрген беймәлім қорқынышты мақұлық артынан еріп келетіндей бір  уыс болып  жазып отырған дүниесіне қайта кірісті. Ащы кофеден бір ұрттап қойып, тілі мен басын алдандырып отырғанында темекінің күлсалғышынан қызыл қанды  аңғарып қалмасы бар ма!? Әуелде темекі шеккенде жұққан ернімнің далабы болар деп аса мән бермеуге тырысқан. Әйткенмен, бұл ойы әр секунд өткен сайын жаман ойдың тұтқынына айналды.
Ескі албом парақтарын жекедара жіті қараймын  жарық барда өзі жыртып тастаған. Түн ортасы ауа көз бұлдырап, "Ұйқы дертінің нокаутына дес бере алмай" отырған орнында сылқия кеткен еді.
Бірақ, ұйықтаған құрлы болмады. Не түсі, не өңі екендігі белгісіз адамға ұқсайтын, дегенмен, сәл өзгешелігі бар тірі ағзалар  басына әңгіртаяқ ойнатты. Таңертең тұрса басы мең-зең. Жазушы қанша уақыттан бері жұмыс істеп жатып, талай мәрте осы үстелдің үстінде ұйықтап қалып жүрсе де мұндай сорақы түнді басынан өткізбегені таңданды.
Сөйсе, әлгі ескі альбом дуаланған екен. Қараңғылық құшағын кең жайғанда альбом арасына жасырынған тылсым күш иелері және "басындағы жын-жыпыр" (ішкі арам ойлары) түн ішінде аурақтармен тілдеседі екен.

Шапағат СЕРДӘЛІ
11 қаңтар 2020 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930