Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» футболшысын түнгі клубта атып кетті

«Қайрат» футболшысын түнгі клубта атып кетті


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваны түнгі клубтан шыққанда атып кетті. Ақпаратты бразилиялық «Коринтианс» растады. Футболшы соңғы кезде осы клуб құрамында ойнап жүр, деп хабарлады Vesti.kz.

Бразилия кубогінде жартылай финалынан кейін 27 жастағы Нуньес клубтағы ойыншылармен бірге Эрешин қаласының орталығындағы түнгі клубқа барады. Ғимарат ішінде басқа демалушылармен кикілжің шығып қалады да, жол шетінде атыс болады. Салдарынан Нуньес қайтыс болады. Полиция қылмыскерді іздеп жатыр. 
«Коринтианстың» ресми Twitter-інде футболшының отбасына көңіл айтты. Клубтың бас бапкері Андреа Бие оқиғадан кейін полицияға жүгінді.

«Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жатқанмын. Қазір не болғанын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Мен оның демалыс күні командаластарымен бірге болғанын білемін», - деді Бие.
12 тамыз 2019 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031