Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайтан неге адамға өш?

Сайтан неге адамға өш?

Қасиетті Құранда Алла адамды жаратқан соң барша тіршілік иелерінен оған құрмет көрсетуін талап еткенде, сайтан тәкаппарланып бас имейді. Осыған орай, ол Алланың қарғысына ұшырап, жұмақтан қуылады. Жаратқан оған қиямет қайымға дейін мұрсат беріп: «адамдарды оңынан, солынан келіп азғырасың, бірақ Маған сенетіндерден басқаларын» дейді. Яғни, Аллаға сенетін адамнан басқалардың бәрі сайтанның тіліне еріп, күнаға батпақ.

Ғылыми негізде қалай түсіндіруге болады?
Ілім-ғылымды санасына сіңіріп өскен бүгінгі ұрпақ Құран сөзін жәй ертегі сияқты қабылдауы мүмкін. Алла адамдарды азғырасың дегенмен, оның астарында қандай негіз бар? Қазіргі материалистік түсінікпен өмір сүретін пенделерге ғылыми негізде түсіндірмесең, қабылдай қоймайды.
Ең алдымен, мына сауалға жауап іздеп көрелік: сайтан неге адамға өш? Құранда айтылғандай Алла тәкаппарлығы үшін қарғап, адамға өш боласың деді. Бірақ Алланың өзіне сене қоймайтын бүгінгі пенде бұндай сөзді шындық деп қабылдай қоя ма?
Жер бетіне өзге ғаламшардан келген және адамдармен араласып, алғашқы тегін жоя бастаған рептилойдтар туралы зерттеп жүрген американдық Дэвид Айктың айтуына қарағанда, дөрекі адам тәнінің ішінде болатын нәзік астральдық тән өлшемінде өмір кешетін рептилойдтар ашу-ыза, нәпсіқұмарлық, іштарлық, тәкаппарлық, арсыздық сияқты лас эмоциялық қуаттармен қоректенеді. Яғни, олардың азығы сондай лас қуаттар.
Осы орайда, адамның көзіне көрінбейтін, бірақ адамдарды көріп, олармен қатар өмір кешетін рептилойдтар адам ойы арқылы оған түрлі жаман ойларды санасына сіңіріп, теріс әрекеттер жасауға итермелейді. Адам теріс әрекет жасағанда оны осындай әрекетке итермелеген рептилойд оның санасынан бөлінетін лас эмоциялық қуаттармен қоректенеді.
Адамды жамандыққа аздырудың себебі осында дейді Дэвид Айк. Оның пайымынша, үлкен соғыстар, оның ішінде 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыстар дәл сол рептилойдтардың, яғни сайтан саналы тіршілік иелерінің азғыруымен болған. Психикасы әлсіз адамдар олардың ықпалына тез түсіп, еркінен тыс жаман әрекеттер жасап жатады екен. Мысалы, қыз-келіншектерді зорлап өлтіріп, тіпті олардың етін жейтін маньяк аталған пенделердің әрекеттері, ер мен ер адамның әйел мен әйелдердің жақындасуы, маскүнемдік, нашақорлық – бәрі сол сайтани тіршілік иелерінің азғыруымен жасалатын әрекеттер.
Айктың айтуынша, қазір сайтани тіршілік иелері адамдардың арасында туып, адам кейпінде өмір сүреді. Олар қаржы мен билікті қолдарына алып, сол арқылы адамзатты азғындық пен қылмысқа, түрлі соғыстарға итермелеуде. Олардың басты мақсаты: адам баласының кем дегенде 90 пайыздан астамын құртып, қалғандарын чиптендіру арқылы құлақкесті құлға айналдыру.
Қазіргі қоғамның даму барысы сайтани тіршілік иелерінің адамзатты саналы түрде азғындық құрдымына құлатып жатқандығын айғақтайды. Әйтпесе, ақыл-есі дұрыс пенде ерке пен еркектің үйленуін қалыпты жағдай деп қабылдай ма? Батыс елдерінде сондай некеге заң негізінде рұқсат берген. Тәнін сататын жезөкшелердің қызметі де заң бойынша жүзеге асады. Ер адамдармен әйелдер бірге моншада шомылады. Жасанды түсік жасатуға заң бойынша рұқсат етілген. Арақ-шарапты былай қойып, жасанды есірктілерді де дүкендерде ашық сатуға болады. Осындай жайлардың бәрі – адамдарды азғындық пен қатыгездікке әлдебіреулердің мақсатты түрде итеріп отырғандығын көрсеткендей.

15 қараша 2019 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930