Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болған бала Әзербайжанда жерленеді

Үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болған бала Әзербайжанда жерленеді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 жастағы Намик Шириновті туған жері Әзербайжанда жерлейді, деп хабарлады "Костанайские новости". 

Дүйсенбі күні Намик Шириновті Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстыру жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, Намик Ширинов 14 шілде күні таңертең облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды
"Қостанай әкімдігі Намик Шириновті туған еліне тасымалдау жұмыстарын толықтай мойнына алды, сондай-ақ баланың жақындарына материалдық көмек беруге дайын екендерін жеткізді. Қала әкімі Намиктің ата-анасына көңіл айтты", - делінген хабарламада. 
Еске сала кетсек, 28 маусым күні Қостанайда футбол қақпасы құлап, оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше ота жасалды. Дәрігерлер баланың халі ауыр, ішкі органдарына зақым келген, тіпті ол өздігінен тыныс ала алмайды деген еді. 
15 шілде 2019 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30