Жаңа жыл қарсаңы. Қарбалас шақ. Баяғыдай абыр-сабыр. Бұл аудан орталығындағы «Әбдіманап» базары. Екінің бірін бейжай қалдырмайтын базардың бейберекет тірлігіне көз жеткізем десеңіздер, ал мархабат....
Желтоқсан айы табалдырықтан аттағалы, қарашаны қуантып қар жауды. Бұған дейін қыс қатал мінез танытып, жел тұрып, мезгіл еркелігін көрсетуші еді. Желмен астасқан аяз көбімізді тоңдырғаны рас. Ең маңыздысы қыстың сәні болған қар жауып, айнала ақ көрпе жамылып үлгерді....
Бейсенбі күні Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табыс етілді. Бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына 3 миллион теңгеден сыйақы берілді....
Қызылша – елімізде күн тәртібінен түспей отырған мәселе. Жағдай ушықпаса, жақсарып тұрған жоқ. Бүгінгі таңда Шиелі ауданында қызылшамен сыртқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Айтекеева брифингте дәл осылай деді....
Сәрсенбі күні іс-сапармен Шиелінің іргесіндегі Ақмая ауылына жол тарттық. Басты мақсатымыз – шалғай ауылдың жылдық қорытынды жұмысын тыңдау. Ауылға бағыт түзеп, көлікпен күре жолда жүйткідік. Жолы да теп-тегіс. Алғашқы сапарымыз болғандықтан тез арада ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқымыз келді....
«Қылышын сүйретіп қыс келеді». Қаһарлы қысқа ертерек қамданбасқа болмайды. Әсіресе су айдындарындағы сақтық жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Осыған байланысты Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округінің жерінде орналасқан «ШАХ» шаруа қожалығына қарасты «Қалғандария» су айдыны қыс маусымына байланысты сақтық...
Қазіргі таңда Шиелі ауданында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлықсыз деңгейде. Ауданымызда 21.12.2023 жылға дейін қызылшамен 241 жағдайы тіркелді, оныңы 108- інің диагноз лабораториялық зерттеу қорытындысымен нақтыланған. Жалпы ауруға шалдыққандардың 86,0 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар...
Дүние миллиардтаған бөлшектерден тұратын алып мозаика іспетті. Оны хакім Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп сипаттайды. Ал сол алып мозаикадан өзіне тиесілі кетігі мен тетігін әркім таба ала ма? Мәселе сонда! Жүрек қалауыңдағы мамандықты игеруге де кейде жүрек керек болады....
Жарық сөнсе күніміз май шамға қарап қалады. Тіпті үйді жылытуды, қақпа, есіктерді ашуға дейін осы құдіретті қуатқа жүктеп қойдық емес пе? Ал қазіргі уақытта барша жұмыс компьютер арқылы атқарылатындықтан, жарық бірер сағатқа сөніп қалған жағдайда дағдарып, сеңдей соғылысатынымыз да түсінікті. Ал электр...
Қарапайым еңбегімен күн сайын қоғам тынысына игілік дарытып жүретін, онысы әсте көзге түсіп, көпшілік көңіліне елене бермейтін мамандық иелері болады. Міне, осындай кәделі мамандықтың қадірін асырып жүрген жандардың бірі – Нұрдәулет Бақытғалиев....