
«Наурыз көже» тәттiлiгi тiл үйiрген сол көженiң дәмi әлi күнге аузымда тұрғандай
...Табиғаттың тамылжып тұрған шағы едi. Шәулiмше тауының мұнар басы мен күнгей бетi ақ мамық қардан арылып, бауырын шың мүжiген шау бүркiттей арса-арсасы шығып жатыр. Қар суы сай-саланы қуалап жарыса ағады. Терең шұңқырда шұрқыраса табысып, қырат-белдi күйге бөлеген думанды кез болатын. «Еңбекшi» деп...










