Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алыстан қуатталатын смартфон шығады

Алыстан қуатталатын смартфон шығады



Қытайдың Vivo компаниясы жаңа айрықша смартфон жасап шығармақ. Басты ерекшелігі - тоқ көзіне жалғамай-ақ 4 метрге дейінгі қашықтықтан қуатталады. Vivo WattUp технологиясын (алыстан қуаттау мүмкіндігі) жасап шыққан АҚШ-тың Energous компаниясымен келісімге келген. Нәтижесінде жаңа смартфондарды сымсыз қуаттаудың мүмкіндігі тумақ. 
Смартфон 20 ваттық күші бар тоқ көзінен 4,5 метр алыста тұрса да, қуаттала береді. Компанияның жаңа өнімі қашан нарыққа шығатыны әзірге белгісіз. WattUp технологиясымен жасалған алғашқы смартфондар тәжірибе кезінде бар-жоғы 1 метр қашықтықтан ғана қуатталған. Құрастырушылар мұның себебін анықтап, алдағы уақытта дамыта түспек. Ал алыстан қалай қуатталады деген сұраққа келер болсақ, энергия радиотолқындар арқылы жеткізіледі. Смартфонда оны қабылдайтын арнайы құрал болады. 
Массагет.кз
13 наурыз 2019 ж. 1 048 0