Таңғы аста жеуге болмайтын тағамдар
Асқазан дерті қашанда өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Әсіресе, қазір табиғи тағамдар жоқ деген шешімге жиі тоқталамыз. Сондықтан, сіздерге асқазаныңыз ауырмас үшін таңғы аста қай тамақты жеуден бас тарту керектігін айтамыз. Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағам: Асқазаныңыз құрылдап, дәмді тағамды сұрап тұрса да, құрамында дәмдеуіші көп тағамдардан бас тартыңыз. Өйткені, олар жағымсыз әсерді күшейтіп жібереді. Әсіресе, соус пен ащы бұрыш дәмі бар тағамдардан сақтаныңыз. Чипстер және піспенан (печенье): Алардың құрамында 100 килокалория болуы әбден мүмкін. Бірақ, ол сіздің бойыңыздағы аштық сезімін жеңбейді. Фаст-фудтың басты мәселесі: сіз мөлшерден тыс көмірсу қандағы қан мөлшерін тез көбейтіп, сәйкесінше тез түсіріп жібереді. Әрине, сіздің қарныңыз қайтадан аша бастайды. Апельсин, жалбыз, кофе мен кетчуп: Бұл тағамдар асқазандағы қышқылдың бөлінуін бір қалыпты ететін тағам түрлері. Оны таңғы ас қолдансаңыз, асқазаныңызда қыжыл пайда болады. Бос асқазанда онсызда қышқылдық ортаның үлесі жоғары, Ал, таңғы асқа оны күшейтетін емес, бейтараптандыратын тағамды қолдануыңыз керек. Кофе гастритпен ауыратын адамдарға зиян. Таңғы ас – басты қорегіңіз. Сондықтан, таңғы асыңызда ағзаңызға дәрумен беретін, табиғи өнймдерді қолданыңыз.
Massaget.kz