Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұялы телефонды "тоңдырмайтын" ерекше чехол көпті таң қалдырды

Ұялы телефонды "тоңдырмайтын" ерекше чехол көпті таң қалдырды

Семейлік студенттер теріскейдегі тұрғындардың ұялы телефондарын тоңдырмайтын айрықша телефон қабын ойлап тапты. Олар мұндай құндақпен қатты аязда смартфондарды ұзағынан пайдалануға болатынын айтты. 

Астанада өткен арнайы форумда өздерінің жобасын таныстырған Семей медицина университетінің студенттері смартфондарға арналған мұндай құндақ (чехол) "termo-case" деп аталады дейді. "Бұл жобаның аты «Алақай» деп аталады. Мұндай чехолдар ауа райы қолайсыз, суық аймақтардың тұрғындарына арналған.Мәселен аязды күндері далаға ұялы телефонмен шығатын болсаңыз, смартфондардың қуаттағышы тез отырып, телефон сөніп қалады. Міне осы олқылықтың орнын толтыру үшін, осындай айрықша чехолдарды ойлап таптық.
Ол суықтың ішке енбеуін қамтамасыз етіп, смартфондағы жылылықты ұзақ уақыт бойы сақтап тұрады", - дейді студенттер."Егер демеуші табылып жатса, мұндай чехолдарды әзірлеп, сатылымға шығаруға әзірміз. Бәрі уақыттың еншісінде", - дейді талантты жастар.Студенттердің ендігі мақсаты жобаға қолдау көрсететін демеуші табу болып отыр.
NUR.KZ.
27 ақпан 2019 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031