Әр граммы 10 мың доллар тұратын металл
Осмия әлемдегі ең қымбат металл. Әлем бойынша аталмыш металл әлемнің санаулы елінде ғана өндіріледі: АҚШ, Австралия, Колумбия, Канада. Алайда, оны экспортқа шығаратын әлемдегі жалғыз ел - Қазақстан.
Қазақстан 2004 жылдан бері нарыққа шығарып келе жатқан осмия-187-нің 1 грамының бағасы 100-200 мың долларға дейін шарықтаған еді. Қазіргі уақытта еліміз оның әр грамын 10 мың доллардан сатуда. Бұл жайында express-k.kz ақпарат көзі хабар таратты. Алтыннан 300 есе қымбат метал радиоактивті емес. Қандай да бір қорытпаға осмияны араластырса, ол болаттан да берік болып шығады. Егер адамзат Марсқа ұшатын болса, ғарыш кемесі осмия қорытпасынан жасалуы тиіс. Қазақстан аталмыш металды экспорттау арқылы технологиялық өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Елімізде осмия өндірісі мемлекеттің меншігінде. Оны сатудан түскен табыс ел қазынасына аударылады.
islam.kz