Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз жасы неге ащы?

Көз жасы неге ащы?


Адам жылаған кезде көздің қорғаныс қабаты іске қосылып, сұйықтық бөлінеді. Аталған функция жүректің соғуын жылдамдатып, оның ауыртпалығын арттырады. Осы кезде натрий хлорына калий мен магнийдің иондары қосылады. Бұл қосымша тұздықты қамтамасыз етеді. Адам баласы қуаныштан жыласа, көз жасындағы тұз мөлшері азайып, керісінше басқа жағдайлар орын алса, көбейеді екен. Сондай-ақ, сәбидің көз жасында тұз мөлшері аса байқала бермейді. Көз жасының шамамен 99 пайызы судан (Н2О), қалғаны тұз (NaCl) сынды бейорганикалық заттардан тұрады. Тұздың пайыздық шамасы аз болса да, көз жасының ащы болуы бүгінге дейін толық анықталмаған. Айта кетелік, көз жасының тұздық мөлшері әр адамның ағзасында жүріп жатқан зат алмасу процесіне байланысты. Ал, ислам дінінде Алла тағала көздің жасын тұзды етіп жаратпаса, -5 градусты температурада көз қатып қалады екен. Сондықтан, жаратушы ие -70 градус суықта көз жанарын төзімді еткен.

«Өскен өңір» ақпарат.
23 ақпан 2019 ж. 3 829 0