Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАЗДЫ СУМЕН ЖУЫНУ БЕТТЕГІ ДАҚТАРДЫ КЕТІРЕДІ

ГАЗДЫ СУМЕН ЖУЫНУ БЕТТЕГІ ДАҚТАРДЫ КЕТІРЕДІ



Голливуд жұлдыздары бұл әдісті жиі пайдаланады. "Сымбатыңызды сақтағыңыз келсе күніне екі литр су ішіңіз" деген кеңесті талай жерден естіген боларсыз. Әрине, жақсы кеңес! Бірақ оны есептеп ішетіндер өте аз, сондықтан оның пайдасын айтатындар да сирек... 

Бірақ мөлдір су адамның терісін тазалап қана қоймай, әжімдердің пайда болуын да тежейді екен. Әсіресе, газдалған сусынның әсері мол. Білуімізше, бәріміз қызыға қарайтын Голливуд жұлдыздары осы әдісті жиі қолданады-мыс. Бүгін олар сіздер үшін, газдалған судың бірнеше пайдасына тоқталады: 

Бетіңіздің терісін тегістейді. Иә, газдалған суға бетіңізді бірнеше секундқа салып алсаңыз, қара дақтар туралы ұмыта беруге болады. Себебі газдалған су бетке пилинг сияқты әсер беретін көрінеді. Әжімдердің де азаюуына ықпал етіп, қартаюды тежейді. 

Бетке тоник ретінде қолдануға да болады. Қарапайым мақта дискілерін газдалған суға малып, бетіңізді күнде сүртуді әдетке айналдырыңыз. Ол бетті тазалап, бөртпелердің алдын алады. Нәтижесі жақсы болу үшін бірдей мөлшерде лимон шырынын қосып ұйқыға жатар алдында бетіңіз бен мойныңызды сүртіп жүріңіз. 

Бетке арналған маскілермен бірге қолданыңыз. Ғаламтордан бетке арналған маскілердің түр-түрін тауып алуға болады. Олардың көпшілігіне су қосатыны да белгілі, келесі де соның орнына газды суды қосыңыз. Мысалы қарапайым ғана маскінің бірі: балшыққа минералды су араластырыңыз, 20 минуттан кейін газдалған сумен жуу. Бұл әдіс беттегі дақтар мен тыртықтардың жойылуына көмектеседі. 

Шашыңызды газдалған сумен жуып көріңіз. Қарапайым ауыз судың орнына газдалған сумен шашыңызды жусаңыз жылтырап, жұмсақ бола бастайды. Одан бөлек майлана беретін шаштарды емдейді. Егер жуу қиынға түседі десеңіз, жәй ғана шашқа арналған спрейлердің орнына шашқа сеуіп жүріңіз. Қыздарға әсемдік жарасады. Әсемдікті арттыру өзіміздің қолымызда екенін ескеріп, жалқаулықты жиып күтіңімізге көңіл бөліңіз.

http://reactor.inform.kz
22 ақпан 2019 ж. 989 0