ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ 19 АҚПАН
Балықтар
Балықтар үшiн осы күн бiркелкi өтедi. Сiз өз тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi көрсеткiңiз келедi,бірақ оның қажеті жоқ, сіз онсызда ерекшесіз.Сiз кезкелген шараларға белсене қатысасыз. Күн бір өзіңізге арналған сəтті күн!
Суқұйғыш
Бүгін суқұйғыштар өз мүмкiндiктерiн көрсете алмайды. Бiрақ та сiз осы күнi өзiңiздi мазалап жүрген сұраққа шешiм табасыз. Бұрын бастаған жұмыстарыңызды бiтiресiз. Осы кезде сiздiң абыройыңыз жоғарылайды.
Тауешкі
Бүгін тауешкілер достарымен жақсы қарым-қатынаста болады. Егер де ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, ортаңызға жаңадан қызықты адамдар қосылады. Бүгін отбасын құрған егiздер үшiн сәттi өтедi.
Мерген
Бүгін мергендерде өзгерiстер болады. Сонымен қатар сiздiң өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиғалар болуы мүмкiн және алдыңызға жаңа өмiрлiк мақсат қоясыз. Дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Бәрi өз орнына келуi ғажап емес. Күн сiз үшiн сәттi өтедi.
Сарышаян
Өзіңіздің денсаулығыңызға, тамақтануыңызға көптеп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, жаңа тағыстықтан қашпаңыз, мүмкін ол адам болашағыңыз болар. Достарыңызбен ойнап сөйлесуден сақ болыңыз, əзіліңіз ұнамай қалуы мүмкін.
Таразы
Таразы белгісіндегілер үшін бүгінгі күн үлкен жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.
Бикеш
Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында бас қосуға баруға тырысыңыз. Әйтпесе олардың арасында қадіріңіз қалмауы да мүмкін.
Арыстан
Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер де табылады,өзіңізді əлсіз қылып көрсетпеңіз! Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді, тек аздаған сабыр сақтап күтсеңіз болды.
Шаян
Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз.Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз барлығын. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.
Егіздер
Достарыңыз тарапынан қолдау көріп, беделіңіз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек.Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек ғана еңбек ғана жеңетінін біліңіз. Сол үшін тек ғана жұмыс істеуді/ білімге аса көп бөлуді бірінші орынға қойыңыз.
Торпақ
Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кино театрға барып, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуіңізге болады.
Тоқты
“Бір қиындықтан артынан екі жақсылық күт ” демекші кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болуы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші…
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан