Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады


Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. 

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз. 

1-рецепт 
1 ас қасық түймедақ (ромашка) пен 2 ас қасық жөке гүлін (липа) 1 стақан қайнатылған суға салып, қайнатасыз. 5-7 минуттан соң отты сөндіріп, 20 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 5-6 рет жүргізу керек. 

2-рецепт 
Ұнтақталған қырықбуынның (хвощ) 5 ас қасығын 400 мл қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15 минуттан соң сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз. 

Оқи отырыңыз: ЖӨТЕЛ үш күнде ЖАЗЫЛАДЫ 

3-рецепт 2 ас қасық таңқурай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып тұндырып қойыңыз. 10 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды шаясыз. Бұл әдіс тамақтың қызарғанын кетіреді, мазасыздықтан арылтады әрі баспаны жедел түрде емдейді. 

4-рецепт 
1 стақан үгілген қызылшаға 1 ас қасық 6 пайыздық сіркесуын араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң қызылшаны сығып, тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған емдік тұнбаның 1-2 ас қасығымен тамағыңызды шаясыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек. 

5-рецепт 
Жарты литр суға 3 шай қасық пияздың қабығын салып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, тамағыңызды, жұтқыншағыңызды шаясыз. Пияздың қабығынан дайындалған тұнба тамақтың қызарғанын кетіреді әрі емдейді. 

6-рецепт 
100 грамм қабығынан тазартылған сарымсақты жарты стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 6 сағаттан соң дайын болған емдік сусынды жылытып тамағыңызды шаясыз. Бұл емді күніне 3 рет үзбей 3 күн жасасаңыз, баспа ауруынан түбегейлі айығасыз. сурет: medknsltant.com 

7-рецепт 
4 ас қасық балғын немесе кептірілген жолжелкен (подорожник) жапырағының үгіндісін 200 мл қайнаған суға салып, тұндырасыз. 30 минуттан соң дайын болған тұнбаға шамалап бал араластырып, тамағыңызды шаясыз. Емді әр сағат сайын жасау керек. 

Оқи отырыңыз: ИММУНИТЕТТІ көтеретін ЖЕТІ әдіс 

8-рецепт 
3 ас қасық балға 1 ас қасық алоэ шырынын араластырыңыз. Осы қоспамен бадамша безін сыртына жағып, массаж жасай отырып уқалайсыз. Емді күніне 1 рет 14 күн жүргізу керек. 

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз. 

Ләззат АХМЕТОВА, ERNUR.KZ.
10 ақпан 2019 ж. 1 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930