СЕНІМСІЗДІК ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Оның түп-тамыры сонау балалық-шақтан келеді. Әке-шешең сені жапан далаға сусыз, тамақсыз қалдырып кеткен кезден бастап. Сол далада кейбіреуі амалын тауып құтылып кетсе, ал кейбіреуі өмір бақи қалып жатады.
Олар сені әдейі тастамайды, себебі, оларды да кезінде әке-шешесі жапан далада қалдырып кеткен. Одан ары, солай-солай кете береді, жіптің басына жету мүмкін емес.
Жапан дала дегеніміз мектеп бітіріп үлкен өмірге қадам басқан сәтте бәсекелеске толы, аюға қасқыр, қасқырға түлкі жем болатын өмір. Ал Тамақ, су дегеніміз бойыңдағы СЕНІМДІЛІК.
Ал тәуекелділік, сабырлылық т.т. сияқты киім-кешек, құрал-саймандар айтпаса да атымен жоқ болып шықты бойыңда. Жалаңашсың! Кейбір ата-ана баласына әдейі жасайды: өзі амалын тауып құтылып кетеді деп, ал кейбірі ойланбай істейді. Ойланбай істегеннің салдарынан ішерге су, киерге киім таппай жүрген өзіне СЕНІМСІЗ жастар қаншама! Қасқырға жем болып шаршағандар, әйтеуір бір амалын тауып жатса, өмір бойы түлкі болып өтетіндер де аз емес. Өкінішті.
АЛАЙДА, жіптің басына жете алмасаң, оны ҮЗІП тастауға күшің жетеді. Ғылым дамыған заманда (қанша уақытың өтсе де) сенімсіздіктен СЕНІМДІЛІККЕ, қорқыныштан БАТЫЛДЫЛЫҚҚА, жалқаулықтан ЕҢБЕКҚОРЛЫҚҚА, бақытсыздықтан БАҚЫТТЫ СӘТТЕРГЕ өту әпсәтте мүмкін нәрсе. Тек ниетің болса болғаны.
Ал ата-анаға қатысты. Олар ешқашан балам жаман болсын демейді. Олар сені өзінен қатты жақсы көреді. Тек тәрбиені түпсана (подсознание) деңгейінде бергендіктен "дұрыс емес" дүниелерді өздері де ажырата алмай жатады. Сондықтан ӨЗІҢ ӨЗГЕРІП оларға КӨМЕКТЕС!
Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан