Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жұмыста айтуға болмайтын 5 сөз

Жұмыста айтуға болмайтын 5 сөз



Адам өмірінің шамамен жартысы жұмыста өтеді, сәйкесінше тәуліктің үштен бірінде жұмыстастармен араласамыз. Қанша адам болса, сонша мінез бар. Ал әріптестермен сөз таластырып, кикілжің тудыру бедел мен кәсіби репутацияға сын. Әр жұмыскердің өз болмысы, коммуникациялық ерекшелігі бар. Әсіресе, жұмысқа жаңа келген қызметкерлер сыпайылық пен көмекке зәру болады. Дегенмен қандай жағдай қандай адам болмасын, жұмыстың этикеті бар және ол сақталуы тиіс. Жұмыста ағаттықпен артық сөз айтып қоймас үшін, біреуге айтуға болмайтын 12 түрлі сөзге назар аударыңыз.

"Бұл менің шаруам емес!"

Бұл сөз – өте дөрекі. Жұмысыңыз қанша қарбаласып жатса да, әдептен озбай, сыпайы ғана жауап беруге тырысыңыз. Оның орнына "бұл шаруамен (қызметкер аты) барғаныңыз жөн" деп көмектесіп жіберіңіз.

"Сен қателесесің"

Біреуді дәл осылай шорт кесіп, айыптауға болмайды. Бұл кеңсе этикетіне жат. Оның орнына өз пікіріңізді білдіріп, "Мен келіспеймін. ... үшін келіспеуге болады. Сіз қалай ойлайсыз?" деп сыпайы диаллог құру керек.

"Менің уақытым болмады"

Бұлай ақталғанша, тапсырма нақты қашан орындалатынын айтып, кешірім өтінген жөн.

"Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім"

Өзіңіздің жұмысқа деген құлшынысыңызды бұлай тұншықтырудың орнына "келесіде жақсы нәтижеге жету үшін нені жетілдіру керектігін айтсаңыз" деп прогрессив ойға ұмтылыңыз. 

"Бұл тек бір минут уақыт алады"

Әріптесіңізді бұл тәсілмен көндіріп, оны осылайша шын сендіремін деу – әбестік. Себебі бір минутта біте қоятын шаруа кемде-кем. Бір минутта бітеді деуін деп алып, жұмыстасыңыздың одан да көп уақытын алсаңыз, ыңғайсыз жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Одан да диалог басында "бұл жұмыс осынша уақыт алады" деп нақты айтыңыз.

massaget.kz
06 ақпан 2019 ж. 179 0

Соңғы жаңалықтар

Спорттағы серпін

Спорттағы серпін

20 сәуір 2019 ж.
Бүркітші қыз

Бүркітші қыз

20 сәуір 2019 ж.

Қоғам

Бүркітші қыз
20 сәуір 2019 ж. 34

Ақылды киіз үй

20 сәуір 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (8680)

19 сәуір 2019 ж.

№28 (8679)

15 сәуір 2019 ж.

№27 (8678)

13 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам