Биылғы жыл жастар жетістігіне арналады
Елбасы жастармен кездесуде елдің болашағын айқындайтын толымды ойларын тағы да ортаға салды. Мемлекет мықты болу үшін жастар білімді болып, елдің экономикасын көтеру үшін кәсіпкерлікпен мықтап айналысуы керек. Мемлекет басшысы сол үшін инновациялық жобаларға берілетін гранттардың еселенетін-дігін айтты. Біз, Қызылорда облысының жастары, Елбасының тап-сырмаларын ойдағыдай орындау үшін былтыр бірқатар жұмыс-тарды атқардық. Атап айтсақ, «English for jastar» жобасы аясында 350-ге жуық оқушы ағылшын тілін үйренсе, «Білім орталығы» жобасы бойынша барлық аудандағы кітапханалар жаңғыртылды. «Сәтті қадам» жобасы арқылы 8-11-сынып оқушыларын кәсіпорын, цех, зауыт жұмысымен таныстырып, сала мамандарымен сұхбат ұйымдастырдық. Мамандық таңдауда көзбен көріп, көңілге түйгеннің пайдалы болатыны белгілі ғой. Ал жастар жылына орай республика бойынша «Жастар жылындағы жетістік» атты ауқымды акцияны бас-тамақшымыз. Шарада әрбір жас биыл бағындырған белестерін, жеңістерін әлеуметтік желіге «#JJJ2019» белгісімен жариялап отыруы қажет. Жыл соңында акция қорытындыланып, жеңімпаз жастар туралы арнайы жинақ шығарылады. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс тобын құруды жоспарлап отырмыз. Мұнан өзге жастар мәселесін талқылау үшін форум, вайнерлер байқауын, жас тарихшылар конференциясын өткізбекшіміз. Ал дәстүрлерімізді қайта жаңғырту мақсатында «Ұлы дала елі» атты жастар фестивалін ұйымдастыруды қолға алып жатырмыз. Талғат ТІЛЕС,
«Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.
«Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.