Қобызшы қыз Болгарияға барады
Бір кездері жойылып барып, қайта жанданған қобыз тарту өнеріне қызығушылық танытып жүрген жастардың қатары жыл санап артып келеді. Қобызда ойнау қиын әрі күрделі іс. Десе де, әйгілі Нартайдың ауылынан шыққан Тоғжан Шәкиева ұлттық аспаптың қыр-сырын меңгерген. Небәрі 15 жастағы жас өнерпаз осы уақытқа дейін түрлі сайыстарға қатысып, жоғары марапатқа бөленіп жүр.Тоғжан жақында ғана Алматы қаласында өткен «Достар дауысы- 2019» байқауына аспапта орындау жанры бойынша қатысып қайтты. Қатысып қана қоймай, жаз айларында Болгарияда өтетін халықаралық фестивальге жолдаманы жеңіп алды. Ол «Жұлдыздар» продюсерлік орталығы ұйымдастырған додаға жетекшісі Айнуза Бегімсаловамен бірге ұзақ дайындалғанын айтады:
– Арманым шетел сахнасында қылқобызыммен өнер көрсету болатын. Ал, «Достар дауысы-2019» байқауын естігенде қатты қуандық. Себебі, олар жеңімпазға Болгария елінде өтетін «Золотая мечта» фестиваліне жолдама береді екен. Алдыма қалайда жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Анам мен жетекшімнің және мектептегі ұстаздарымның қолдауымен арманымның орындалғанына қуаныштымын – дейді, жас өнерпаз.
Қазіргі уақытта Тоғжан №156 Н.Бекежанов атындағы мектептің 9 сыныбында оқиды. Келер жылы Қызылорда қаласындағы музыкалық колледжге оқуға түспек. Арманы асқақ қобызшы қыздың өнері өрге жүзсін дейміз.
Гүлхан Сәбитқызы