Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балалардың технопарк ресурстық орталығы ашылды

Қызылордада балалардың технопарк ресурстық орталығы ашылды




ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада балаларға арналған «IT-imaqorda» технопарк ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталықта 3D-сурет салу студиясы, робототехника және 3D-модельдеу секциялары, көпшілік алдында өнер көрсету дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кабинеттер, сондай-ақ «DVOREC TV» балалар телеарнасы бар. Орталық оқушылар сарайы ғимаратында (қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы) ашылды. Аталмыш орталық жұмысымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев танысты. Аймақ басшысы балаларға сенсорлық панель сыйға тартты. 
Ресурстық орталық «Artimaq» 3D-сурет салу, «Roboimaq» спорттық робототехника, lego-конструкцияларды бастапқы техникалық модельдеу және құрастыру үйірмелерін қамтиды. Сондай-ақ, мұнда «Mediaimaq - public KZO» телестудиясы, «Sazimaq» мүсін үйірмесі, 3D-Labimaq зертханасы, «Iqimaq» өзін-өзі тану кабинеті, 3D-модельдеу және «Sauletimaq» құмды анимация үйірмесі сияқты 12 оқу бағыты бар. Аталмыш үйірмелерде тәлім алып жүрген оқушылар республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүр. Мысалы, Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Менің арманымдағы үй» макеттер байқауында бірқатар номинациялар бойынша өнерлі жеткіншектер жеңімпаз болып, 3D-модельдеу үйірмесінің қатысушылары Академия гранттарының иегерлері атанды. Естеріңізге сала кетейік, IT-технологияларды қолдану арқылы балаларды оқытуда қолжетімділікті арттыру мақсатында аймақта 13 IT-сынып жұмыс істейді. Онда 650 бала тегін оқиды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «IT-imaqorda» балалар технопаркі ашылды.
inform.kz
29 қаңтар 2019 ж. 2 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930