Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі

Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі


Үйдің таза болғанын  қай-қайсымыз да  жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас. Сондықтан да әркезде  үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды.  – Ең бастысы, процесті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз! – Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызығырақ. Әрбіреуіңіз  тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады. – Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз. Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді. – Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз. – Тез жұмысты аяқтау үшін  алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз. – Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз. – Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады. – Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кір киімдердерді кір жуғыш машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз. – Күнделікті  жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн. 

Massaget.kz
27 қаңтар 2019 ж. 1 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031