Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мүгедектерге арналған спорт клубы ашылды

Қызылордада мүгедектерге арналған спорт клубы ашылды


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Сыр өңірінде алғаш рет  мүгедектерге арналған спорт клубы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекеттік мекеме саналатын клубта 14 спорт түрі қамтылған, 27 бапкер қызмет атқарады. Спорт клубы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында оқу-жаттығу, жарысу, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу үшін құрылған. Клубтың мақсаты - облыстағы көру, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымдалған азаматтардың спортпен тұрақты түрде айналысуына қол жеткізу. Олар осы арқылы қоғамда өзіндік орны бар екенін дәлелдей алады. Коммуналдық мекеме спортпен шұғылданамын дейтін осындай жандардың барлық санатына қызмет көрсетіп, жоғары білікті спортшыларды даярлау жұмыстарын жалғастырады. Клуб директоры қызметіне отырып ойнау волейболынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пара Азия ойындарының қола жүлдегері Эрик Қасқабаев тағайындалды. «Негізгі бағытымыз - облыс бойынша мүгедек жандарды бұқаралық спортқа тарту, олардың әлеуметпен етене араласып, белсенді өмір сүруі, қызығушылық пен қажеттілігін ескере отырып, ортақ құндылықтарға тарту, зиянды әрекеттерден алыстату. Осы бағытта арнайы дайындалған жоспар бойынша спорттың бірнеше түрінен жаттығулар өткізіп, жарыстар ұйымдастырылады», - деді Эрик Қасқабаев. Сондай-ақ, клубта парадзюдо, еркін күрес, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы 64, үстел теннисі, шағын футбол, баскетбол, жағажай волейболы, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, арбадағы би және стенд ату сияқты спорттың 14 түрі дамытылады.
inform.kz
26 қаңтар 2019 ж. 1 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930