Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет – адамның айнасы

Мәдениет – адамның айнасы

Қоғамдық орындарда, мейрамханаларда кездесуде отырсаңыз, «қалай бармын, солай қабылдасын» деген пікірден алшақ болған дұрыс. Мұндай қағидамен жүрсеңіз, өз сүйкіміңізден айрылып қалуыңыз мүмкін. Жасандылық пен мәдениеттің аражігін ажырата біліңіз. Өзіңізді әзірден мәдениеттілікке үйретпесеңіз, кеш қаласыз.  1. Гүл беру. Әдетте ерлерге гүл беру ұят көрінеді деп жатамыз. Алайда қызмет бабымен бұл ереженің бұзылатын тұсы болады. Ерлерге де гүл сыйлауға болады, тек кейбір гүлдерді ғана: бақытгүл (хризантема), раушан, орхидея, лалагүл (лилия),  гербер, қызғалдақ, гладиолус гүлдерін беруге болады. Бірақ олардың түсіне назар аудару қажет: күлгін, ақ, көк, жасыл түсті гүлдерді сыйлауға болады. Қызыл түсті гүл беруге мүлдем болмайды. Ер-азаматтар нәзікжандылар секілді гүлге құмар емес. Сондықтан оларға гүл берудің жолы, реті болады: фильмінің, кітабының тұсаукесері болғанда, концерттік премьерасы өткенде, жаңалық ашқанда, туған күнінде, қызметі, атақ-дәрежесі жоғарыласа, спорттық рекорд орнатса ғана беріледі. Егер бастығыңыз ер адам болса, оған жасыл не  көк-жасыл түсті аққанат (калла) гүлін берген абзал. 2. Қол алысу. Егер әйел адам өзі келіп қолын ұсынбаса, ерлердің олармен қол алысып амандасуы оғаш. Екінші рет көрген әйел адамның денесіне қол тигізу артық көрінуі мүмкін. Бас киіміңізді шешіп, қолыңызды кеудеңізге қойып, басыңызды изеп, ілтипат білдірсеңіз, бұл сіздің мәдениетті екеніңізді білдіреді. 3. Қоғамдық орында. Қоғамдық орындарда, мейрамханаларда кездесуде отырғанда «қалай бармын, солай қабылдасын» деген пікірден алшақ болған дұрыс. Мұндай қағидамен жүрсеңіз, өз сүйкіміңізден айрылып қалуыңыз мүмкін. Өзіңізді қазірден мәдениеттілікке үйретпесеңіз, кеш қаласыз. Ерлер әйел адам үстелден тұрған кезде құрмет танытып, олар да бірге тұруы қажет. Сонымен қатар, бір-бірін бөгде ортада еркелетіп атау көзге оғаш, құлаққа жат естілуі мүмкін. Мейлінше атымен атаған дұрыс. 4. Мейрамханада. Түтікпен сусын ішкенде соңына дейін ішу қарсы алдыңыздағы адамға оғаш көрінуі мүмкін. Егер сіз бұл адаммен алғаш кездесіп отырсаңыз, мәдениеттілігіңізді көрсетуге тырысыңыз. Ыстық тамақты үрлеп ішуге, ұялы телефонды үстелдің үстіне қоюға болмайды. 5. Баспалдақта. Егер әйел адам мен ер адам баспалдақта қатар келе жатса, мына қағиданы естен шығармаған жөн: жоғары көтеріліп келе жатса, ер адам әйел адамның алдына түсуі қажет. Оның көптеген себебі бар. Мысалы, әйел адамның киім киісіне назар аудару қажет. Ал төмен түсіп келе жатқанда әйелдерге жол беру керек. Әйелдер баспалдақ таянышы жағымен жүруі тиіс. Ерлердің әйелдерге, үлкен адамдарға, балаларға баспалдақ таянышы жағына қарай жол бергені дұрыс.

Massaget.kz
22 қаңтар 2019 ж. 905 0