Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада өңірдің дамуын сипаттайтын «Өлкетану» оқулығы әзірленді 

Қызылордада өңірдің дамуын сипаттайтын «Өлкетану» оқулығы әзірленді 

Қызылорда облысының қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ауыл шаруашылығы саласының қай мамандықтарына сұраныс жоғары Ағылшын тілінде ҰБТ-ны үздік тапсырған түлекке шетелдік ЖОО гранты беріледі Шығысқазақстандық ұстаз: Мұғалім мәртебесі мемлекеттік қызметшімен теңестірілсе... «Өлкетану» оқулығын дайындауға облыстық бюджет есебінен 25 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтті. Ол 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер тізбесіне енді. «Өлкетану» оқулығы 5-6-7 сыныптарға арналған. Онда Сыр өңірінің тарихы, киелі жерлері жайлы аңыздар, тарихи деректер, тарихи тұлғалар, ұлттық қолөнер, туристік маршруттар басқа да қажетті мәліметтер жинақталған. Аталған оқулық 2018-2019 оқу жылының 2-ші жарты жылдығынан бастап оқытылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қызылордада тарихи жәдігерлер жинақталған кітап жарыққа шығады.

inform.kz
19 қаңтар 2019 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031