Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы өмір сүру деңгейі ортадан төмен деп бағаланды

Қазақстандағы өмір сүру деңгейі ортадан төмен деп бағаланды

Есептеуді Numbeo ресурсы жүргізіп отыр. Қазақстанның көрсеткіштері ең көп деген 240 балдан 88 ғана жинай алды. Numbeo ресурсының есептеуінше Қазақстандағы өмір сүру деңгейі ортадан төмен. Бұл туралы “Крыша” сайты хабарлайды.

Аталған ресурс ең көп 240 балдан 88 ғана қойған. Бағалау нәтижелері үш секторға бөлінеді (қызыл, сары, жасыл). Қазақстан Республикасы ең төменгі саналатын “қызыл аймақтан” жоғары тұр. Біздің елдің деңгейі “бірқалыпты” деп бағаланады.
Numbeo өмір сапасын өмір құны және ақшаның сатып алу қабілеті, баспананың қолжетімділігі, қылмыс және денсаулық сақтау деңгейі, қоршаған ортаның ахуалы туралы мәліметтер негізінде өлшейді.
Аталған мәліметтер базасының деректеріне сәйкес, Қазақстан сатып алу қабілетінің (38,3) және өмір құнының (29,64) индексі өте төмен. Ластанудың деңгейі жоғары (74,37). Ал жылжымайтын мүліктік қол жетімділігі немесе оның бағасының табысқа арақатынасы біркелкі деп есептелген (11,55).
Негізгі көрсеткіштер мынадай:
Сатып алу қабілетілетінің индексі - 38,3 (өте төмен)
Қауіпсіздік индексі - 35,50 (төмен)
Денсаулық сақтау индексі - 51,73 (біркелкі)
Климат индексі - 39,78 (біркелкі)
Өмір құнының индексі - 29,64 (өте төмен)
Жылжымайтын мүлік бағасының табысқа арақатынасы - 11,55 (біркелкі)
Қозғалыстың минимумға дейін уақытының индексі - 29,75 (төмен)
Ластану индексі - 74,37 (жоғары)
Барлығы: өмір сапасының индексі - 88,06 (біркелкі)

7kun.kz
16 қаңтар 2019 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930