Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САРЫ КИВИ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ

САРЫ КИВИ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ



Жапон ғалымдары құрамында ағзаның қартаюын бәсеңдететін, қышқылдану процесін баяулататын химиялық заттары (антиоксидант) көп жемісті іздеген. 
Ағзаға антиоксиданттар не үшін керек десеңіз, бұл зат ағзаны емі жоқ аурулардан сақтайды. Сондай аурулардың алғашқы белгілері тумауын қамтамасыз етеді. Қан тамырларының түйін тәрізді шоғырланып қалуынан (атеросклероз), жүрек ауруларынан, Альцгеймер және Паркинсон ауруларынан және қатерлі ісіктен қорғайды. 
Зерттеудің нәтижесінде құрамында антиоксиданттары көп жеміс ретінде сары киви таңдалған. Сары киви апельсин, грейпфрут, мандарин және алманы жолда қалдырып, жоғарыда аталған талаптарды толық орындай алады екен. Біз дастарқаннан көріп жүрген жасыл киви де сары «туыстарынан» кем емес. 
Бір күнде сары кивидің 3 түйірін ғана жесеңіз, ағзаңызды дауасы жоқ дерттерден қорғап жүреді. Бір қызығы, антиоксидант кивидің жұмсағынан гөрі қабығында 3 есе көп. Сол себепті, бұл жемісті блендерде езіп жегенде ағзаңыз дәруменге байиды.



https://reactor.inform.kz/
27 желтоқсан 2018 ж. 1 336 0