Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СҚО-да қысқы туризм қанат жаяды

СҚО-да қысқы туризм қанат жаяды


Солтүстік Қазақстан облысы алдағы уақытта қысқы және аңшылық туризмді дамытпақ. Бұл ретте өңірдің туристік әлеуеті жоғары. Енді болашақта аңшылық орындар біріктірілетін болады. Ал кәсіпкерлер рұқсаттама құжаттарын рәсімдеп жатыр. Осылайша, сайын далада сауық құруға шетелдіктерді шақыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні аймақта 110-ға жуық туристік нысан бар. Өткен жылы солтүстікке Қытай, Қырғызстан, Германия, Түркия және Ресей елдерінен 120 мыңға жуық турист барған. Олардың басым бөлігі – Ресей елінің азаматтары. Жалпы аталған салаға былтыр 1 млрд теңгеден астам инвестициялық қаржы құйылған. Құралай Жарова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы: – Біз сәтін салса, қысқы және аңшылық туризмді дамытпақ ниеттеміз. Ол үшін солтүстікте барлық жағдай жасалған. Яғни келешекте осы аң аулайтын орындарды біріктіріп, бір жүйеге келтіретін боламыз. Және де қысқы маусымда балық аулау үшін Шал ақын ауданының кәсіпкері Есіл өзені маңында арнайы демалыс орнын тұрғызып жатыр.

www.24.kz
19 қараша 2018 ж. 1 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31