Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар қалай ғашық болады

Адамдар қалай ғашық болады


Адамның барлығы белгілі бір жұлдыз иесі болып туылған. Осы жұлдыздар болмағанда, олардың тағдыры басқа болар ма еді? Әзірге жұлдыз иелерінің қалай ғашық болатынын талдайық. Тоқты Олар қатты ғашық болса да, әрдайым байсалды болады. Ғашығының сүйіктісі бар болған жағдайда, оны өзіне қаратуға тырыспайды. Екеуінің айырылысқанын күтеді. Қалағаны орындалған соң, ғашығына барып сөз салады. Торпақ Сүйген адамының тек өзіне ғана тәуелді болғанын қалайды. Ғашығын өзіне күшпен қаратуы да ғажап емес. Оларға «жоқ» деген сөзді айтамын деп, отпен ойнауыңыз мүмкін. Олардан өздері босатқан жағдайда ғана кете аласыз. Егіздер Бұл жұлдыз иелерінің махаббатына шынайылық тән. Өмір бойы бір ғана адамды сүйіп өтеді. «Өмір бойы» дегеніміз жарты жыл уақыт болуы мүмкін. Ал сүйетін объектісі екеу болуы да ғажап емес. Бір қызығы, екеуін де қатты жақсы көреді. Сүйіктісімен айырылысқан кезде тамырын кесе салуы мүмкін. Әдетте өзінің кімді қаттырақ сүйетінін білмейді. Олардың мұндай тұрақсыз сезімін суқұйғыштар түсінбейді. Шаян Махаббат мәселесіне келгенде өте сақ жүреді. «Менің өмірлік жарым осы ма?», «Бұл адам болмай қалса ше?», «Мен үшін жаратылғанын қалай түсінсем болады?» сынды сұрақтарды жиі қояды. Таңдау жасай алмай қиналады. Алайда өмірлік жарын жолықтырған соң, ол үшін тау мен тасты қопаруға дайын болады. Өмір бойы оның көңілін аулайды. Арыстан Көрінген адамға ғашық болмайды. Махаббат мәселесінде де басымдылық танытуды ұнатады. Сүйіктісі ырқына көнсе ғана оның көңілін аулай бастайды. Шын мәнінде, арыстандарға адамдардың өзіне ғашық болуы ұнайды. Бикеш Махаббат сезімін ардақтай біледі. Сүйген адамына өзінде барды толықтай сыйлауға дайын. Егер сөз салған адамы ұсыныстан бас тартса, бірнеше жыл күтуге дайын. Бикештерге қайтып оралған жандар ешуақытта өкінбейді.    
 
Дереккөз: massaget.kz




29 қазан 2018 ж. 1 422 0