Балаларда болатын көз ауруларының белгісі
Ата-аналар баланың өсуінде дене бітімінің өзгерісіне қадағалай назар аударуы керек. Әсіресе, баланың көзінде төмендегідей қалыпсыздық байқалғанда, ауруханаға апарып уақтылы тексеру алып бару керек. Көзін жыпылықтату. Бала үнемі көзін жыпылықтатса, көзіне беймалым нәрсе түсіп кеткендігін ескерумен бірге, көзіне ақ түсу, көздің дәнекер қабықшасы қабыну сынды ауруларда осындай белгі байқалады. Егер баланың көзін үнемі жыпылықтату себебінен бет әлпетінде өзгеріс болса әрі зейнін шоғырландыра алмаса, онда бұл кішкене балаларда көп кездесетін «тынымсыздық» ауруының белгісі болуы мүмкін. Сондықтан бұған сәл қарауға болмайды. Көзін нұрдан тайсақтатса. Мұндай балалар өте жарық ортада көзін жұмып алады, қараңғы жерлерде ойнауды ұнатады. Бұл қызыл, сулы бөріткен және басқа да жұқпалы аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан баланың жарықтан жасқану белгісі байқалса дәрігердің көмегіне сүйенген жөн. Көзі қызару. Баланың көзінің ағы және көзайнасы қызарып, көзінен сарғыш жас ағады. Бұл балаға қызылша шығудың алдындағы ең көрнекті белгі болып, бұдан әрі тұмау, көз дәнекер қабықшасы қабыну сияқты жағдайларда да баланың көзі қызарып кетеді. Көзден жас ағу. Баланың көзінен кейде аз, кейде көп жас ағады. Бұл тыныс жолы қабынудың ең көрнекті белгісі. Жұқпалы тұмау, қызыл сияқтылардың бәрінде баланың көзі қабынатындықтан жас ағады. Бұдан бөлек, мұрын қабыну ауруына шалдыққан балаларда бұл белгі біршама көрнекті болады. Үстіңгі қабағы салбырап кету. Бұл ауыр дәрежедегі бұлшық ет босаңсу ауруының негізгі белгісі. Кейбір балаларда ұйқы жеткілікті болмаса да көзі ісіп кетеді. Сондықтан ата-аналар баласында жоғарғыдай жағдай байқалғанда ауруханаларға барып емделу керек. Баланың көзі нұрсыз болу. Егер баланың көзі нұрсыз болса, ата-аналар баланың денесінің әлсіреген-әлсіремегеніне назар аудару керек. Бұдан сырт, ас қорту нашар болу, қан аздық, бауыр қабыну және өкпе түбірі лимфа түйіндерінің ұлғаюы қатарлы созылмалы ауруларда, әсіресе, жақынды көре алмау ауруында жоғардағы белгі аса көрнекті болады. Алысты көре алмау. Бала кітап немесе басқа нәрселерге қарағанда көзіне өте жақын әкеліп алып көрсе, уақытын өткізбей тексерту керек. Балаларға телевизор, компютер, қол телефон қатарлы электр құралдарына көп қаратпай, баланың денесіне қажетті витамин, кальций және басқа минаралды заттарды толықтыру, баланы түрлі дене шынықтыру әрекеттеріне қатыстырып, денесінің ауруға қарсылық қуатын жоғарлату керек. Дереккөз: namys.kz
Massaget.kz
Massaget.kz