Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сығанақ қалашығы туристік нысан ретінде ашылды 

Сығанақ қалашығы туристік нысан ретінде ашылды 

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан Сығанақ қалашығы туристік нысан болып ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайта қалпына келтіру шаралары жүргізілген Сығанақ енді алыс және жақыннан келетін жиһанкездерді тартатын тарихи-мәдени орталыққа айналмақ. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов көне қаланың туризм нысаны ретінде ашылу салтанатында осылай деді. «Сығанақ біздің тарихымызда айрықша орын алады. Сондықтан біздің халқымыз бұл шаһарды ерекше құрмет тұтады. Бұл шара өткен тарихты бағалай отырып, оны ұрпақ санасына сіңіруде өз септігін тигізеді», - деді Н.Байқадамов.   Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының мамандарының айтуынша, көне қала орнында археологиялық қазба шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, онда 3 кезеңдік қайта қалпына келтіру жүзеге аспақ. Алғашқы кезеңі бойынша сәуірден  тамызға дейін қажетті жұмыстар жасалды. Құм астындағы қазыналарға жіті назар аударған зертетушілер бұл қалада VI-VII ғасырларда тіршілік қайнап тұрғанын айтады. Сондай-ақ, бұрыннан айтылып жүрген Ақ Орданың орталығы болған тұста онда теңге соғылған деген дерек те толық дәлелдене бастады. Сығанақ қалашығындағы шығыс қақпасының екі жақ үлкен қамалы бар. Қайта қалпына келтіру шаралары барысында сол қамал 3 метрге дейін көтеріліп, қақпаның өзін 1,5 метрге дейін биіктетілді.   Реставрациялық шараларға және археологиялық қазба жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен  қаржы бөлінді. Алдағы уақытта  Қызылорда облысында орналасқан Сығанақпен бірге Шірік-Рабат, Жанкент шаһарларына сервистік инфрақұрылым жүргізіледі. Бұл шаһарлар ежелгі түркі тайпаларының астаналары ретінде туристік кластер жасалады. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Сығанақ қалашыңының ортақ бөлігі қалпына келтіріп жатқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, аталмыш шаһардың этнотуризм орталығына айналатыны жөнінде айтқан болатынбыз.

https://www.inform.kz/kz
22 қазан 2018 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам