Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕНДІ САҒАТ 18:30-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КОМПЬЮТЕРІ ӨШІРІЛЕДІ

ЕНДІ САҒАТ 18:30-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КОМПЬЮТЕРІ ӨШІРІЛЕДІ

    Президент 5 қазандағы жолдауында мемлекеттік қызметкер түнгі он екіге дейін жұмыста отырмауы керек деп ескерту жасаған еді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс күні аяқталысымен мемлекеттік қызметкерлердің компьютерін автоматты түрде өшіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Барлық мемлекеттік органда сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесін пысықтау керек. Сіздер білесіздер, мемлекет басшысының тарапынан осыған қатысты сын айтылған еді. Бүгінде барлық дерлік мемлекеттік орган мұны қолдап отыр, сағат 18:30-да барлық компьютерді орталықтан өшіру мәселесі шешілді. Біз мұны бақылауымыз керек", — деді Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.
Оның пікірінше, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы мен жеке өмірі арасында тепе-теңдік сақталуы керек.
Сондай-ақ Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін зерттеуді ұсынды.
үгінде жаппай "бұлтты" технологиялар енгізіліп жатқанда, біз қызметкерлерді кабинетке "байлап", басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде қажетсіз әуре-сарсаңға саламыз", — деді ол.
Еске сала кетсек, Қазақстан президенті 5 қазанда жариялаған жолдауында мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайтуды тапсырған еді.
"100 тәулік бойы жиналыстарда отырасыңдар. Сендер адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жатырсыңдар ғой. Менің мемлекеттік қызметте тәжірибем мол. Алдын ала дайындалған отырыс жарты сағат қана өтеді. Күрделі мәселелер болса, ары кетсе бір сағатқа созылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметкер заң бойынша жеті сағат қана істеуі керек. Түнгі он екіге дейін жұмыста отырмауы керек", — деген еді Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.
19 қазан 2018 ж. 1 321 0