Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада вайнерлер фестивалі басталды

Астанада вайнерлер фестивалі басталды

Астана, BAQ.KZ. 15 қазан күні Астанада «Astana Vine Fest» ең ірі вайнерлер фестивалі басталды. Фестиваль Қазақстанның танымал вайнерлері мен креативті жастардың басын қосып, шығармашылық әлеуетін дамытатын әлеуметтік-мәдени алаң болмақ.

Шараның мақсаты – жасампаз жастарды қолдау, әлеуметтік белсенділігін ұлғайту және «Рухани жаңғыру» құндылықтарын насихаттау.
Конкурстық фестиваль 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңге қатысу өтінімдері 15-31 қазан аралығында қабылданады. Қатысушылар еркін тақырыпта вайн түсіруі қажет. Негізгі шарт – Инстаграм желісіндегі парақша жазылушыларының саны 3 мыңнан кем болмауы қажет.
Үздік видеороликтер 31 қазан мен 2 қараша аралығында 2-кезеңге іріктеледі. Конкурстық комиссия Нұрлан Батыров, «Kartop.tv», «XaXa Show», «Tjokers» секілді вайнерлерден тұрады. Төрешілер 20 үздік вайн таңдап, авторларға финалдық тапсырма бойынша ролик дайындауға көмектеседі. Финал жеңмпаздары концертте жарияланып, марапатталады. Жүлде қоры 1-орын үшін 350 000 тг, 2-орынға - 250 000 тг, 3-орынға – 150 000 тг.
Фестиваль ұйымдастырушылары - «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры мен Астана әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасы.


Baq.kz
15 қазан 2018 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031