Елімізде пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады
Болашақта пәтер иелері кооперативіне төленген қаражаттың қалай жұмсалатынын онлайн бақылауға болады. Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Мәжілісте арнайы заң жобасын таныстырды. Құжатқа сай әр үйде өзінің кондоминимумы құрылады. Яғни тұрғындар барлық мәселе бойынша бірлесіп шешім қабылдайтын болады. Ал ғимаратты салған құрылыс компаниялары өз бетімен үйді басқаратын компанияны таңдап, тағайындай алмайды. Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары: - Заң жобасында тұрғындарға қажетті ақпараттық жүйені қалыптастыру көзделген. Бұл жүйе арқылы пәтер иелері басқару компаниясының іс әрекеттерін қадағалап отырады. Пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында әр өңірде 190 үй, 28 кооператив пен 51 табиғи монополия нысаны іріктелді. Жыл соңында мобильді қосымша бүкіл халыққа қолжетімді болады. Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Пәтер иелерінің кооперативтері болмайды, тұрғын үйді басқару компаниясы болады. Әрбір үйдің өзінің есепшоты болады. Олар есепшот бойынша басқарып, кеңес құрады. Тұрғындардың арасынан бір адамды тағайындап, ең басты мәселе ЖБО әкімшілік құқықтары белгіленеді. Осы категория бойынша: « Өскемендегі кәсіпорындар ауаны шамадан тыс ластап отыр Апатқа байланысты «Роскосмоста» ауыс-түйіс болуы мүмкін »
24.kz