Италияда көмірқышқыл газын өңдейтін зауыт салынды
Швейцариялық Climeworks компаниясы атмосферадан көмірқышқыл газын сорып, оны өңдейтін үшінші зауытын салды. Зауыттың негізгі миссиясы – ауадағы газ балансын сақтай отырып, ғаламдық жылынудың алдын алу. Жер атмосферасында көмірқышқыл газының көлеміне қатысты шаралар соңғы кезде өзекті болып барады. Оның салдарын болжау, алдын алу, табиғи балансты орнату сияқты ғаламдық мәселелерге дәрменді технология ғана болып тұр. Соның бірі – атмосферадан көміртек диоксидін жасанды жолмен сору. Көмірқышқыл газының жауына айналады деп болжанып отырған Climeworks компаниясының үшінші зауыты Италияның Троя коммунасында салынған. Зауыт жыл сайын көмірқышқыл газының 150 тоннасын сорып, шикізатты пойыз отынына арналған метанға айналдырып өңдейді. Бүкіл процесс DAC (Direct air capture) технологиясымен жүреді.
Massaget.kz
Massaget.kz