Радон көздерінің пайдасы мен зияны
Қазір жазғы демалыс уақыты. Көптеген отандастарамыз шипажайларда демалып, радон көздерін пайдаланып, радон суын тұтынады. Осы ретте, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылыми-практикалық орталығы» филиалының радиациялық зерттеу зертханасының меңгерушісі Мухаббат Бурханова радон көздерінің пайдасы мен зияны туралы кеңес береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Радон – жартылай бұзылған радиоактивті химиялық элементтер өнімі, альфа сәулесі болып табылатын ауыр және радиоактивті газ.
Радон терапиясы – дәстүрлі сумен емдеу медициналық тәсілі, оның негізінде тері және өкпе арқылы организмге радонның өтуі жатыр.
Радон терапиясы негізінен ванна, ингаляция тәсілі, орошение және аппликатор түрінде ұсынылады. Соңғы жылдары ішуге арналған ем ретінде табиғи радон сулары қолданылуда. Алайда, бұл жерде судағы рұқсат етілген пайдалы радон концентратының сақталуы ерекше маңызды, ол көп болған кезде радон организмге теріс әсер етуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда ыстық көздер пациент ауыруының жағдайын ауырлатып жіберуі мүмкін. Бұл диагнозға байланысты. Сондықтан термальдық суларды қабылдауда кейбір қарсы көрсеткіштер бар.
Оларға І және ІІ дәрежедегі гипертония, жүректің кемістігі, көп қан кетуден кейінгі жағдайлар, тамырдың созылуы, бүйрек аурулары, қант диабеті, терінің грибок аурулары, эпилепсия, туберкулез жатады. Аурудың барлық формаларының асқынуы кезінде, сондай-ақ онкология және қатерсіз ісіктердің жаңадан пайда болуының барлық формалары кезінде радон ваннасын қабылдауға қатаң тыйым салынады, себебі радон олардың өсу процесін тездетуі мүмкін, әртүрлі аллергиялық ауырулар және радон суының жеке адамдарға жақпауы.
Құрамында белгісіз концентраттағы радоны бар суларды ішуге жол берілмейді!
Қандай жағдайда да радон ваннасын қабылдауға, сондай-ақ ішуге шешім қабылдар алдында маманнан кеңес алу қажет
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.