Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аққулы ауданында қола дәуірге жататын қыш құмыра табылды

Аққулы ауданында қола дәуірге жататын қыш құмыра табылды



Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округінде қыштан жасалған құмыра табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тарихи жәдігердің суреттері Аққулы ауданының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
«Қыркүйек айының ортасында аудандық орталық аурухананың тіс дәрігері Дархан Қалиев балық аулауға барған болатын. Сол кезде Ертіс өзенінің жағасында бір зат көзіне түскен. Жақсылап үңілген кезде су шайып тастаған топырақтың астында жатқан қыш құмыра екеніне көзі жетеді. Ол дереу бізге қоңырау шалып, табылған дүниені аудандық ішкі саясат бөліміне тапсырды. Біз өз тарапымыздан археолог, тарихшы, өлкетанушы Виктор Мерцке хабар бердік», - дейді ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Ерен.
Өңірдегі белгілі археолог-зерттеуші Тимур Смағұловтың айтуынша, қыш ыдыс қола дәуіріне, Андронов мәдениетіне жатады. Бұған дейін Жамбыл ауылдық округінде бірнеше рет қола дәуіріне тиесілі қорымдар табылған.
«Бұл кездейсоқ табылған зат емес. Мұндай дүниелерді тауып алған кезде мәдени мұраны сақтап қалу үшін заңға сәйкес жергілікті атқарушы органға немесе мұражай қызметкерлеріне хабарласқан дұрыс. Мұндай жәдігерлердің астарында ғылымға беймәлім сыр жасырынып жатуы мүмкін, сондықтан табылған дүниені әрі қарай зерттеу қажет», - дейді Тимур Смағұлов.


Baq.kz
03 қазан 2018 ж. 1 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30