Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Медицинадағы жаңалық: Соқыр ішек антибиотиктермен емделеді

Медицинадағы жаңалық: Соқыр ішек антибиотиктермен емделеді

Жүз жылдан астам уақыт бойы аппендицитті (соқыр ішек) емдеудің жалғыз жолы қабынған ағзаны алып тастау ғана болатын. Ал қазір хирургтар мұндай кезде ота жасаудың міндетті емес екендігін анықтап, көп жағдайда науқасқа антибиотиктер берудің өзі жеткілікті дейді. Медицина саласындағы таңғаларлық мәлемдемені Турку университетінің ғалымдары жасады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін жүргізілген зерттеулерде соқыр ішекті антибиотиктермен емдеу мүмкіндігін абайлап көрсеткен еді, бірақ осы уақытқа дейін осындай ұсыныстар берілмей келді. Бірақ, дәрігерлер антибиотиктер қабынудың өткір түрін ғана басуға көмектеседі деген тұжырымдаманы жоққа шығара алмады. Олар ауру басылғанымен кейінірек ота жасату қажет, бірақ ота одан да күрделірек болады деген ойда болды.
Үлкен тәжірибе кезінде фин ғалымдары 18 жастан 60 жасқа дейінгі үш жүзге жуық қабынбаған соқыр ішекке шалдыққан науқасты хирургтың көмегінсіз, антибиотиктермен емдеуді ұсынды.
Үш күн бойы оларға ауруханада ем жасалды. Содан кейін науқастар бір апта бойы үйде таблетка түрінде антибиотиктер қабылдады.
Нәтижесінде науқастардың үштен екісі отасыз сауығып кетті. Ал, отаны қажет еткен науқастарда соқыр ішек ешқандай қиындықсыз жойылды.
Демек, күрделі өткір емес соқыр ішекті антибиотиктермен емдеп көру керек, дейді ғалымдар. Бұл науқастың жағдайын нашарлатпайды, бірақ ол жоғары ықтималдықпен оны қажетсіз отадан және жараға инфекциялардың түсіп кету қаупінен құтқара алады.

Stan.kz
01 қазан 2018 ж. 281 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам