Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы



"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер шығысқа бет ала отырып, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігіне ықпал етеді. Аталған аймақтарда жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның өзге аймақтарында күн ашық. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте желдің арты шаңды дауылға ұласады. Түнде және күндіз елдің бірқатар аумағында тұман түседі.
Aқмола, Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метр болып, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.
Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, күндіз Павлодар, Aқтөбе облыстарының бірқатар ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар, Aқтөбе облыстарында тұман түседі. Маңғыстау, Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады. Түркістан облысында және Жамбыл, Қызылорда, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды, Aлматы облыстарының кйе жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Baq.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 945 0