Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » BMW жүргізушісіз басқарылатын мотоциклін ұсынды

BMW жүргізушісіз басқарылатын мотоциклін ұсынды

BMW компаниясы өзінің алғашқы дербес мотоциклін ұсынды. Инженер Штефан Ханстың жетекшілігімен құпия түрде іске асырылған жаңа өнімге 2 жылдай уақыт кетті. Таң қаларлығы, бұл көлік құралы жүргізушісіз басқарылады. Яғни орнынан қозғалып, жылдамдықты реттеп, бұрылыстарды өзі анықтап, тоқтай да алады. Алайда жаңа мотоцикл ешқашан сатылымға шықпайды. Көлік авторларының айтуынша, оны тек зерттеу мақсатымен ғана шығарды. Дәлірек айтқанда, жаңа мотоциклдерге орнататын интеллектуалды қауіпсіздік – жүйені жетілдіру мен тексеру үшін ойлап шығарған дүние. Штефан Ханс, BMW компаниясының инженері: - Бұл прототип көлік құралы динамикасының дерекқорын жетілдіру үшін қажет. Ол арқылы жүргізушінің іс-қимылын саралап, жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне аламыз. Мысалы, адам өміріне қауіп төнген кезде жүргізушіні алдын ала ескертіп, жазатайым оқиғалардың болдырмауына септігін тигізеді.

www.24.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031