Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміртауда екінші ауа бөлгіш құрылғы салынуда

Теміртауда екінші ауа бөлгіш құрылғы салынуда

Қазақстан Республикасы Президенті 2015 жылы 20 мамырда бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұсынды. 55-қадамда "Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экпорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру" делінген болатын. Трансұлттық компаниялардың қатысуымен түрлі жобалар пайдалануға берілуде. Трансұлттық компаниялардың бірі – "Linde" газ өндіру компаниясы. "Линде Газ Қазақстан" ЖШС Қазақстан нарығында инжиниринг және өнеркәсіпті газ саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі болып келеді. Бұл компания Қазақстан нарығында 2009 жылдан бері бар. Linde AG ТМД елдері арасындағы ең ірі құрылыстың бірі – ауа бөлу қондырғысын Теміртауда салуға инвестиция жасап, "Линде Газ Казақстан" еншілес кәсіпорнын ашты. Енді, Теміртауда тағы да ауа бөлгіш құрылғының құрылысы басталды. Ол Теміртаудағы екінші құрылғы болмақ. Мұндай құрылғы ауаны сұйықтық және газ түрінде таза оттекке, азотқа және аргонға айналдырады. Өндіріс газын өндіру экологияға зиянсыз, себебі ол ауаға қауіпті заттарды шығармайды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров былай деді: – Біз серіктестіктің екінші зауытының іргетасына капсула салдық. Бірінші зауыт жұмыс істеп тұр. «Арселор Митталдың» техникалық газға деген сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар, шетелге де шығарады. Жаңа зауыт та экспорттық әлеуетті арттыруға үлес қоспақ. Екінші құрылғыны іске қосу 2019 жылдың соңына жоспарланып отыр екен. Компания өз өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қарғызстанға экпорттайды. Linde компаниясының өнеркәсіптік газдары өнеркәсіптің барлық саласында арнайы міндеттерді орындау үшін қолданылады: металл өңдеу және металлургия, химиялық өнеркәсіп және энергетика, аспаздық өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау, әйнек және электрлік құралдар өндіру, құрылыс, резеңке мен пластика өндіру, медицина және ғылыми зерттеулер жүргізу.

Massaget.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 613 0