ҚАЗАҚЫ КІЛЕМНІҢ ҚАДІРІ ҚАЙДА?
Бала кезімізде үйдің төрінде қазақы оюы бар, көздің жауын алатын кілемдер ілулі тұратын. Той-томалақ бола қалса, суретке түсетін жер сол кілемнің алды еді. Расында да оның өзі қызық емес пе? Қыс мезгілінде қардың үстіне кілемнің шаңын қағып, үйге қайта кіргізіп ілетін. Арнайы күтім жасайтын. Ал, қазір қалай?
Бүгінде әр қазақтың үйіне бара қалсаңыз, кілем көзіңізге шалына ма? Жоқ... Бар болса да, өте аз. Өйткені, қазір олардың орнын әртүрлі суреттер бейнеленген картиналар басқан заман. «Жайсаң төсеніш, ілсең үйге сән береді» деп қарайтын әжелеріміздің қатары азайды. Әйтеуір кілем тұтынатын отбасылар сирей бастады. Тіпті, қайсыбір шақтарда оны бір-біріне сыйға апаратын. Себебі, сыйдың төресі саналды. Қазіргі күні көбіне жұрт оны тек қыздың жасауына қосатын болды.
Иранда мол табыс көзі
Ұлттық құндылығымызға бізден гөрі шетелдіктер көп қызығады. Туыс халықтардың тыныс-тіршілігіне зер салып көрелікші. Түркімен кілемінің атағы талай жерді шарлады. Алғаш 1869 жылы түркімен шеберлерінің жәдігері Санкт-Петербургтегі көрмеде бәйге алыпты. Содан бері Еуропа жұртшылығы олардың осы бір құнды дүниесіне жоғары баға береді.
Деректерге сүйенсек, атағын әлемге жайып үлгерген Иран елі 8 жылда бір ғана кілем саудасынан 17 млрд. доллар көлемінде табыс табады. Оны америкалықтар, жапондықтар, ресейліктер белсенді түрде сатып алады екен. Ирандықтар алдағы уақытта бұл саудадан түсетін табыс еселене береді дейді. Қолөнер шеберлерінің саудасын қыздырып жүр. Бағасына қарамай сатып алады, сырттың адамдары. Өзіміз ше? Төл дүниемізді қаншалықты бағалап жүрміз.
Олардың түрлерін ұмытты
Бірде қала тұрғыны әрі зейнеткер Әлима Мұратқызының айтқаны еріксіз еске түсті.
– Қолдан кілем тоқушылар әлі де жоқ емес. Алайда, ата-бабадан қалған мұраның қадірін білмей барамыз. Осылай кете берсек, бұл дүниелерді тек мұражайдан тамашалайтын шығармыз. Сонау 90-шы жылдары елімізде бельгиялық кілемдер қаптап кетті. Сол кезеңде қазақы қол кілем төрден ығысты. Одан кейін Араб елінің келген қалы кілем сауданың алдын бермейтін болды. Сөйтіп, қазақтың түкті және тықыр кілемдері ұмытылып, шетке ығысты, – деді Әлима апа ойлана отырып. Содан әңгімесін қайта жалғастырды. «Бағзы замандарда намаз, жол, нар, қоржын, мақта, тықыр, масаты, жолақ, түкті, жібек, алаша, төр, тұс секілді кілемдер болып, сан түрлі болып бөлінгенін біреу білсе, біреу білмейді. Бүгінде біз оның түкті және тақыр деп екі-ақ түрі бар деп жүрміз. Ою-өрнекті әсем кілемдер Наурыз мерекесінде киіз үй жабдығында пайдаланылатын экспонатқа айналып бара жатқаны өкінішті. Салыстыра қарасаңыз, сан алуан өрнегімен көздің жауын алатын олар түркімен кілемінен еш кем емес» - деп қынжылады кейіпкеріміз. Рас, соңғы кезде кілем дегеніңіз тек мерекелік сәттерде, көрмелерде орын алатын болды.
Байлықтың бір белгісі еді
Зухра Тасболатова Жаңақорған ауданының Төменарық ауылының тумасы. Бала күнінен түкті, тықыр кілемдер мен алашаларды тоқумен айналысады.
– Негізі, бұл қасиет анамнан дарыған. Марқұм анам осыдан 1-2 жыл бұрын дүниеден озды. Оған дейін кілем тоқыған сәтімде әркез жанымда болып, ақылын айтып отыратын еді. Мектеп бітірген соң қолөнер туындысынан көрмеге қатысып, көзге түстім. Сөйтіп, осы өнерімді тастамай күнделікті тірліктің біріне айналдырдым. Бірақ, кілем тоқу оңай емес. Еселі еңбекті, уақытты қажет етеді, – деді шебер иесі.
Бір ерекшелігі, әлі күнге дейін үйінде кілем қабырғасында ілулі тұр.
– Қазір көп адам үй қабырғасына кілем іле бермейді. Ал, оның өз қасиеті бар. Ол – тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылыққа қолайлы, күйе түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны кезінде алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген. Сондықтан мен қазірдің өзінде үйімде кілемді пайдаланып келемін, – деді ол.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ
Расында қарасаңыз, үйдің сәнін кіргізетін – кілем. Бірақ, өзгелер тамсанып жүрген ұлттық құндылығымызды дұрыс дәріптей алмай келеміз. Оған кім кінәлі? Әрине, өзіміз. Себебі, ата-бабадан мирас болып келе жатқан кілемді емес, неше түрлі суреті бар заманауи картиналарды таңдадық. Ал, олар кейінгі өскелең ұрпаққа не береді? Сол жағын ойлап көрдік пе екен...
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.