Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талап бар жерде табыс бар

Талап бар жерде табыс бар


Еңбек бәрін жеңбек.
Адам баласы өз
тағдырының ұстасы.
Өмірін қалай өрнектеймін
десе соншалық бейнеттенуі
керек. «Тә ңірім терезеден
береді» деп текке жату,
шетте қалудың көрінісі. Ел-
мен қатар өмір сүру үшін,
тер төгуге қиналмауың
қажет. Газетіміздің әр
нөміріне кәсіпкерлік
тақырыбында мал бағып,
егін егіп, ағаштан ою
ойған, ел арасындағы
еңбек адамдарын
шығарып келеміз.
Ал, бұл санымыз-
да өз қаржысына
балық асырайтын
көлшік қаздырып,
қаз, қоян, тауық
асырап, ешкімге
алақан жаймай, өз
кәсібін дөңгелетіп
жүрген дарабоз аза-
мат жайлы әңгіме
өрбітпекпіз.Көлікке мініп, Жөлек ауылына бет
түзедік. Бағытымыз балық асырауды
қолға алған Иса Төлеуов ағамыздың
шаруасымен танысу. Ауылға кіргесін,
жолдан жаңылмайық деген ниетпен
көшедегі балалардан мекен-жайын
анықтап, сұрап алдық. Еңбек ада-
мы екені автокөліктен түспей тұрып,
ең алғаш көргеннен-ақ көзге ұрып
тұрды. Су өткізбейтін киімін жамап
отыр екен. Амандық-саулық сұрап,
өзімізді таныстырамыз дегенше, есік
алдындағы тауық, қоян, қаздарға
көзіміз түсті. Үкіметтен үкілеп
қаржы алмай-ақ кәсіп ашқан
ағамызды көрдік.
Б а л ы қ т ы а с ы р а п
бастағанына үш жыл-
дан асыпты. Алғашқы
жылы түгелдей дерлік
өлтіріп алған. Бірақ,
тәжірибе жинап соңғы
екі жылда бірде-бір
шабақты шығындамай,
аман сақтап келеді екен.
Сонымен қатар, көлшіктің
ұзындығы 100 метр, ені
50 метр жерді өзі
қ а з д ы р ғ а н д ы ғ ы н а й т ы п б е р д і .
Б а л ы қ т ы ң б а с т ы қ о р ы н к ү з д е
күріштіктердің суын байлағанда
үлкен-кішісіне қарамай түгелдей
о с ы н д а а л ы п к е л і п ж і б е р е д і .
Қоян, тауық, қаздарды да асырау
оңай соқпайды екен. «Жемге шы-
дас бермегесін біршамасын сатып
жем аламын» дейді. Балапандар
мен көжектерді қарақұспен қырғи
көтеріп кететін көрінеді. Қазіргі
күні 50 тауық, 15 қаз, 20 қоян, 30
шақты көжек қалыпты. Алыс-жақын
ағайындары мен студент балалары-
на шетінен сойып беретінін де айт-
ты. «Қарқындап дамып кетпесе де,
табандап тұрған шаруа жоқ. Өзім
15 күн вахтада жұмыс жасаймын.
Қалған 15 күнді осыларға арнаймын.
Аудандық кәсіпкерлік палатасының
табалдырығын тоздырдым. Өкінішке
орай, қайтарымсыз несие, төмен
пайыздық несие де ала алмадым
Жүгіргеніммен жүгімді жеңілдететін
жайттарды көрмедім. Үкімет үшін
емес, өзім үшін жасағасын оған
қатты налымадым. Бірақ, әңгіменің
әрісі, шаруаның басы қаржыға келіп
тіреледі. Қаншама алма ағашын ектім,
су тартуға шамам келмеді. Ақша
жеткілікті болғанда жайқалтып қояр
едім. Қолдың қысқалығы үмітіңді
ұзарта алмайды. Өзім төрт студентті
ақылы бөлімде оқытып отырмын» –
деп ағамыз балық өсірудің машақатын
жеткізді. Аудандық кәсіпкерлер пала-
тасына хабарласқан едік, «Біз бірінші
ауыл адамдарына береміз» дегеннен
басқа жауап ала-алмадық.
Вахтаға барып келіп босқа жат-
пай, басқа да тірлікпен айналысқанды
жаны сүйетін ағамызға ауылы дән
риза. «Талап бар жерде үміт бар,
алдағы уақытта кәсібін дөңгелетіп,
жетістіктерге жетуге мемлекет тара-
пынан көмек болады» деген сенімде.
Бекжан ЕРЖІ ГІТ .
Суреттер Бақытжан
Бәйімбеттікі
08 қыркүйек 2018 ж. 1 470 0