Жандос СМАЙЛОВ: қыз алып қашу
Өткен жылы отпускті толықтай ауылда өткіздім. Қызықты жәйттердің куәсі болып қайттым. Азамат деген сыныптас досыма қыз алып қаштық. Ең қызық оқиға сол болды. Сыныптас, сырлас жігіттер ғой...Азаматтың «аламын» деген қызын сырттай бақыладық. Ағайындық жағынан ауылға алыс емес. Азаматтың сол жағындағы көршісі «құрбандыққа» айналған қыздың туған нағашылары болып келеді. Ал, оң жағындағы көршісі ол қыздың жиендері. «Екі оттың» ортасында отырса да, қос көршісіне қыздарын алатындығы туралы ләм-лим демепті. Бұл жәйттен тек қана Құлпынайдың (жаңа келін) анасының әпкесі ғана хабардар екен. Сірә, анау-мынау сұрақтарды сол әпкесі өз мойнына алам деп шешсе керек.
Қыз алып қашатын күнді ойламаған жерден Айдос деген жігіттің туған күні етіп алдық. Өтірік туған күнді тойлап аудандағы атышулы «Пилотта» отырмыз. Тіпті, қонақ қыздар да Айдосқа риясыз тілектерін жаудырып жатыр. Айдос та әртіс қой, әр сөзге басын шайқап, туған күн иесіндей емеурін білдіруде. Отырыстың соңы таяғанда, туған күнді ерекше атап өтейік деген «ниетпен» аспалы көпірдің үстінде аққайнар атайық деген шешім қабылдадық. Құлпынай да бір пәлені іші сезсе керек, көліктің шеткі жағына отырамын деп бірбеткейленіп алды. Мәселені ушықтырмайық, қалауы білсін деп біз жүрміз Азаматтың шашбауын көтеріп. Содан аспалы көпірде көп аялдамай, көздеген миссиямызды бастап кеттік. Қызды Ғалымжан мен Рақымжан дейтін қарулы жігіттер өңгеріп басып, қиқулатып ауылға қарай тарттық. «Қыз қармаққа ілінді, дайындалыңдар» деп келін күтіп отырған Сәруар көкеміздің үйіне хабар бердік. Шаңырағына алғаш рет келін түсіргелі отырған көкеміз «аааа, жарайды» деп жамырасып қалды. Ауылға жақындай бере бапылдата бастадық. Артындағы көліктен қыздың асау тайдай «тулап» жатқан көрінісі бір экзотика боп көрінді. Шашы даудырап, киімі алма-жұлма болып кеткен. Жанайқайын мұнда отырып мен сезіп отырмын. Апыр-ай, мына қыздың обалына қалдық па екен деген ойға баттым. Жанымдағы жігіттер «әлі-ақ бақытты болып кетеді» дейді шімірікпей. Арты жамандыққа ұласпай, солай болса екен деймін іштей. Алдында анам «Араласпай, тыныш жүр» деп шығарып салған. Оған қазақта жазылмаған заңдар бар, қыз алып қашу – ұрлық емес, ұлылық деп жұбаттым. Енді өзім қылмыс жасағандай дүрдараз күй кешудемін.
Хош делік. Бапылдаған көлік үйге келіп үлгерді. Артынша біз де кірдік. Қыз тулап жатыр. Әкеме айтып, жандарыңды аламын дейді бізге дұшпандық көзбен қарап. Бірде жылап, бірде ашуға басып, ұйқы сұраған баладай әрнәрсені айтып жатыр. Көкбарды тақымымен қоса жұлып алатын әлгі Ғалымжан мен Рақымжан бір қызды сүйреп шығара алмауда. Төрт тағандап жатып алған қыз «қалмаймын да қалмаймын» дегенді қайта-қайта айтады. Саған түнгі 2-ден асып кеткен. Содан әзер дегенде қызды мәшинеден шығарып алды. Шығарып алғанын қайтейін, айырылып қалды. Қыз қайда қашарын білмейді. Былай барса нағашысы, былай барса жиенінің үйі тұр. Түн жарымда олардың есігін қағып қайтсін. Жарыққа түскен ақбөкендей дағдарып екі ортада қалды. Азаматтың анасы бізге «Не қарап тұрсыңдар, ұстасаңдаршы» дейді. Асылы, біз миссиямызды орындадық, қалғанын жеңгелері ыңғайламай ма деп біз тұрмыз міз бақпай. Ақыры, Азамат ерлікке басып көлікке қайта кіріп кеткен Құлпынайды көтеріп алып, шымылдық тұтылған бөлмеге аяғын шешпестен кіріп кетті. Сөйтті де, мән-жайдан хабардар әлгі әпкесін кіргізіп жіберді. Бар үміт сол кісіде. Не болар екен деп сыртта біз тұрмыз. Жарты сағат өткен соң, іштен «көндірдік» деген жылы хабар жетті. Фашисті жеңгендей демімізді ішке тартып, шымылдыққа күліп кірдік. Тулаған Құлпынайды орнына қойыпты. Жымың-жымың етіп, әлгі қылықтарынан ұялып отыр.
Содан той өтті, арқа-жарқа болып екеуінің басын қостық. Ал, мен отпускім аяқталып, Алматыға қайттым. Араға үш ай салып қайта барғанымда, әлгі екеуі он үш жылдан бері отау құрып келе жатқан жанұядай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ең бастысы, екеуі бақытты. Алып қашу дегенді естісем, төбе шашым тік тұратын еді, осы оқиғадан кейін ұнап қалды...