Адвокаттық қызмет мәселесі бойынша ҚР заңнамасындағы өзгерістер
Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық идеяларын іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабы 3 тармағына сәйкес әр адам білікті заң көмегін алуға құқылы. Заң қызметін кәсіби заңгер қызметі ретінде қарастырған жағдайда, біздің мемлекетімізде осы саладағы кешенді құқықтық реттеудің жоқтығын атап өткен жөн.
ҚР Әділет Министрлігімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы екі мың оныншы жылдан екі мың жиырмасыншы жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында әзірленген болытын. Аталған жоба мақұлданып, Елбасы Заңға ағымдағы жылдың 5 шілдесінде қол қойды.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңында азаматтарға тегін заң көмегін көрсету жүйесінің ядросы ретіндегі адвокатураның жетекші рөлі көрсетілген. Адвокатура қызметін жетілдірудің негізгі жетістіктері ретінде Тұжырымдамамен келесі бөлінеді:
-қалалық және селолық мекендерде адвокаттық қызметпен қамтамасыз етудің біркелкі еместік мәселесін біртіндеп шешу;
-тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді әкімшілеу жүйесін түзету. Бұл жүйені жинақтау және нақтылау көзделіп отыр, бұл бюджет құралдарын өте тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;
-шетелдік тәжірибені ескере отырып адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын енгізу;
-азаматтардың жекелеген санаттары негізінде тегін көрсетілуін көздейтін «pro bono» қағидасындағы заң қызметі институтын кеңейту;
-адвокатура институтын нығайту, сонымен қатар адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыру.
Алғашқы жарналардың алынып тасталуы адвокаттық мамандыққа жас заңгерлердің кіруіне, адвокаттардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және олардың санының артуына мүмкіндік береді.Адвокаттардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауын, тәртіптік істердің объективті және жанжақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында екі деңгейлі тәртіптік комиссияны құру қарастырылған.Адвокаттық ордерді алып тастау адвокаттың қызметін оңтайландыруға, оның адвокаттық ұйымнан тәуелсіз болуына, сондай-ақ уақыт пен қаржы шығындарын азайтуға жол ашады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қолданыстағы заңнаманы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» негізгі заң жобасына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасы 4 кодекске және 5 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң көмегінің саласы Қазақстанда олардың қызметінің түрлі дәрежесі мен реттеу шарттары бар түрлі қатысушылар түрінде келтірілген.
Заңның бірінші бөлімінде жалпы ережелер (заң көмегін көрсету қағидалары, заң көмегінің түсінігі, оны көрсетудің субъектілері, формалары мен түрлері, (pro bono) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету, уәкілетті органы Үкіметінің Құзыреті, заң көмегі бойынша Комиссия) бекітілген.
Заңның 2 бөлімінде «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде адвокаттық қызмет бойынша жетілдірілген ережелер көзделген (адвокаттар алқасына кіру жарнасын төлеуге тыйым салу, адвокаттарға қосымша құқықтар мен кепілдер беру, адвокаттың жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі, тағылымдамаға деген талаптар қайта қаралды, адвокат болуға үміткерлердің аттестаттауын өткізу тәртібіне талаптар күшейтілді).
Заңның 3 бөлімінде заңгерлік кеңес беру (бұл түсінік «жеке тәжірибемен шұғылданушы заңгерлерді» қосады), заң кеңесшісі палатасы, палатамен басқару органдары, тәртіптік жауапкершілік, бақылау және т.б. бойынша ережелер көзделген.
Заңның 4 бөлімінде «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының ережелері сақталып қалды. Сонымен бірге мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысушы адвокаттардың тізімін анықтау үшін бірыңғай ақпараттық адвокаттық жүйесін қолдану көзделген. Егер мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген тұлғаның қаржылық жағдайы бес жыл ішінде жақсарған жағдайда бюджеттік қаражатты өтеу механизмі құрылған.
«Заң қызметі туралы» Заңын қабылдауға байланысты, олардың шоғырландырылуына қатысты «Адвокаттық қызмет туралы» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңдары жойылуы мүмкіндігін атап өткен жөн. Сонымен бірге заң көмегін көрсету саласын реттейтін өзге заңнамалық актілерді сәйкес келтіру тәртібі ілеседі. Осылайша, 11 заңнамалық актіге (Салық кодексіне, Қылмыстық процессуалдық кодексіне, Азаматтық процессуалдық кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне, «Нотариат туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әділет органдары туралы» Заңдарына және т.б.) өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы әзірленді.
Жалпы, Заң қазіргі уақыттағы талаптарға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасында заң қызметінің сапасын арттыру және қол жетімді ету мүмкіндігін береді деп есептейміз.
С.ИБРАЕВ,
Шиелі ауданының
Әділет басқармасының басшысы