Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлақ ауырған кезде жасалатын ем

Құлақ ауырған кезде жасалатын ем

Құлақ ауруы күз-қыс айларында асқынады. Өйткені есту мүшесінің сырқаттары суықтан пайда болады. Құлақ миға жақын орналасқандықтан бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Сол үшін құлақтың естуі нашарлағанда немесе суықтап сыздап ауырғанда ең алдымен дәрігерге көрінген дұрыс. Ал жеңіл желпі ауырған кезде мынандай халықтық емдерді қолдануға әрі суықтан болған аурулардың алдын алуға болады. Яғни қызылшаны қабығынан аршып тазалап суда қайнату керек. Оны ұсақтап турап балмен араластырып дәкеге орап құлақтың ішіне жылыдай салып бір жарым сағаттай ұстаңыз. Дәл осылай мұрын аурулары кезінде де пиязды пайдалаңсаңыз көмектеседі.Құлақ суықтап қақсап ауырғанда жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтаңыз. Құлақ естуі төмендегенде күніне бір дана лимонды қабығымен қоса жеу керек. Бір аптаның ішінде нәтижесі байқалуы тиіс. Құлақ шуы кезінде бір ас қасық жаужапырақты (мелисса) бір стакан қайнаған суда тұндырып, күніне жарты стаканнан екі рет ішкен дұрыс болады. Сол кезде құлақ шуы басылып, жаныңыз тынышталады.

Massaget.kz
14 тамыз 2018 ж. 4 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930