Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропаның ірі әуе компаниясы 300 рейсті тоқтатады

Еуропаның ірі әуе компаниясы 300 рейсті тоқтатады

ÐÑÑопанÑÒ£ ÑÑÑ ÓÑе компаниÑÑÑ 300 ÑейÑÑÑ ÑоÒÑаÑадÑ

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ирландияның Ryanair әуе компаниясы Бельгия, Португалия және Испаниядағы бортсеріктердің ереуіліне байланысты 300-ге жуық рейсті тоқтатады. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі. Ереуіл аталған елдерден 25 немесе 26 шілдеде ұшуы тиіс 50 мыңнан астам жолаушының жоспарының бұзылуына әсер етеді. «Жәбірленуші клиенттердің барлығына 25-26 шілдеге дейінгі 7 күн ішінде немесе одан кейінгі 7 күн ішінде ұшатын баламалы рейстер ұсынылды. Оған келіспеген клиенттер билеттерін қайтара алады», - дейді әуе компаниясының өкілдері. Ryanair-дың маркетинг жөніндегі директоры Кенни Якобстың айтуынша, жылына 40 мың еуроға дейін жалақы алатын бортсеріктердің ереуілі негізсіз. «Бүлік шығарғандар ештеңеге қол жеткізе алмайды, тек отбасылық мерекелерін бұзып, Бельгия, Португалия және Испаниядағы бәсекелес әуе компанияларына пайда әкеледі», - деп санайды Ryanair топ-менеджері.
19 шілде 2018 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031